Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу
Казталов аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Шараға сот әкімшісі қызметкерлері және мекеме өкілдері қатысты.
Іс-шараны Казталов аудандық соты әкімшісінің басшысы Руслан Қаженов ашып, сыбайлас жемқорлықтың – мемлекет үшін ең қауіпті құбылыстардың бірі екенін, сондықтан да оның кез-келген түрлерімен қарсы күрес жүргізіп, оны жою үшін қажетті шаралар қолдану керектігін айтты.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты болдырмай, оның алдын алуға пайдалы мәселелерді ортаға салды.
Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Дамиля Ажғалиева, өзінің баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның жалпы ережелерін, сотта үнемі өткізілетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс шаралары туралы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін көзделген жауапкершіліктер туралы айтып өтті.
БҚО, Казталов аудандық соты
Әкімшісінің аға сот приставы
Имангалиев Роман Октябрятович
[xfvalue_img]