Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткен шара
Казталов аудандық соты төрағасының м.а. Бақытгүл Жәңгірова Казталов жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру, олардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Оқушыларға олардың құқықтары, ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар, жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауппкершіліктері түсіндірілді.
Казталов аудандық соты әкімшісінің басшысы Руслан Қаженов сот жүйесінде қолданылудағы электронды технологиялар мен «Сот кабинеті» қызметінің қолданылуы туралы түсіндірме берді.
Шара соңында балаларға оқуда озат болуларын тілеп, оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді
Қаженов Руслан Сайфетдинұлы
БҚО, Казталов аудандық соты Әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]