Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотында «Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің рөлін күшейту» тақырыбында семинар өтті
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының сот мамандарының арасында «Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің рөлін күшейту» тақырыбында семинар өткізілді.
Сот әкімшісі басшысының м.а. Г.Темиргалиева сөз алып, мемлекеттік тілдің сот саласындағы алатын орнын, қоғамдағы маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік тілді дамытудың жолы іс-қағаздарды жүргізу, құжат айналымының мемлекеттік тілге көшіру арқылы дамыта алатындығын түсіндірді. Семинар барысында мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін білуі, қазақ тіліндегі іс-құжаттарының сапалы орындалуына және мемлекеттік тілдің кең көлемде қолданылуына үлес қосу керектігі талқыланды.
Баяндамашы жетекші маман Альмира Уюмдасова сот жүйесінде мемлекеттің тілдің қолданылуы, олардың даму тәртібі, іс –қағаздарды дұрыс жүргізілуі, құжат айналымындағы заңнама нормасының сақталуы туралы баяндады.
Сондай-ақ семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді үйренуінің ағымдағы және перспективалық мәселелері және сотта мемлекеттік тілде іс жүргізудің жай-күйі, мемлекеттік тілді қолдану сапасын арттыру мәселелері қозғалды.
Орал қаласының
мамандандырылған тергеу сот әкімшісі
[xfvalue_img]