Мемлекеттік тілді дамыту - ортақ міндет
Елдің қайнар көзі –халық екендігі белгілі. Тарихи тұрғыдан келгенде, кандай да болмасын мемлекет әдетте ұлттық мемлекет ретінде пайда болады. Яғни ел болған жерде мемлекеттік тіл болуы керек, біздің еліміз қазақ елі болғандықта, мемлекеттік тіл –қазақ тілі. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту - бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.
Қазіргі уақытта сот жүйесінде құжаттар ,іс қағаздар мемлкеттік тілде орындалады. Сот ісін жүргізуде басымдық мемлекеттік тілге берілді. Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт -дәстурін, әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан- ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады.
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ата тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.
Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір –қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумақтық салт- дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Сонымен қатар бағытын нақты ұстанған сот жүйесі жылдар керуенін артқа тастап, жүргізілген тегеурінді сот реформасының аясында биік асуларды бағындырады. Сот жүйесінің негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және республика Конститутциясының заңдарының, өзге де нормативтік –құқықтық актілерінің , халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да сот алдында сот төрелігін сапалы атқару, әділ шешім шығару аталған құрылымдық жүйенің қоғам талабына сай үнемі жетіліп, оның ілгерілеуіне заманауи тетіктер мен кешенді сот реформаларын жүргізу қажет.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі - ұлттың тілі, діні. Тілдің тағдыры баршамыздың қолымызда, тілді оқып-үйренуді барынша жоғары деңгейге көтеру - әр қазақстандықтың парызы.
Н.Жакупова
Жаңақала аудандық сотының жетекші маманы
[xfvalue_img]