Мемлекеттік тілдің дамуы өз қолымызда
Казталов аудандық сотында мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуларымен "Мемлекеттік тілдің дамуы өз қолымызда" атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Казталов аудандық соты әкімшісінің басшысы Руслан Қаженов іс-шараны ашып, сот жүйесінде мемлекеттік тілді жетілдірудің өзекті мәселелерін атап өтті. "Мемлекеттік тіл - мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Құқық қорғау және мемлекеттік органдар тілді дамыту үшін барлық жағдайды жасауға міндетті", - деп атап өтті.
Мемлекет басшысы айтқандай: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді». Мемлекеттік тілдің дамуына, қолданысқа толығымен енуіне бір кісідей ат салысу қажет.
Шара соңында Р.Қаженов барлық іс қағаздар мен құжаттар мемлекеттік тілде жүргізілуі және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту қажеттілігіне тоқталды.
БҚО, Казталов аудандық соты
Әкімшісінің басшысы
Қаженов Руслан Сайфетдинұлы
[xfvalue_img]
69 пікір