Татуластыру рәсімдерінің ерекшеліктері
Қазақтың билері - бүгінгі күннің судьялары. Ал сол билердің халық алдындағы беделі оларды халықтың мойындауымен артып отырған. Ал, өзі сыйлаған, өзі дәріптеген әрі мойындаған адамның билігін ешкімнің бұзбайтыны өз кезегінде тәуелсіз әрі әділетті сот төрелігін жүзеге асыруға негіз болғаны даусыз. Билер халықтың сенімді өкілі, халықтың ары болып табылды.
Олар қазақ құқығының басты жүктеушісі және мемлекеттің функцияларын іске асырушы бола отырып хандардың кеңесшісі болған. Бұрын қазақ қоғамындағы әділетті, туралықты іс жүзінде қамтамасыз еткен де осы қазақтың билері еді. Олар тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бірегейі әрі дара тұлғалары – қазақтың үш жүзін біріктіре білген Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер ел арасындағы кез – келген дауларды бітімгершілік жолымен шешіп отырған.
Ал осындай дана шешімдер өз кезегінде халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтап отыруға шексіз үлес қосқан. Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Сол қазақтың билері салған сара сүрлеуді жаңғыртып, әлемдік заңдылықтарды саралай отырып, соған сай толықтырулар қосып, Қазақстан елінде «Медиация туралы» заңының дүниеге келуі, бұл ең алдымен қоғамның қажеттілігінен туған дүние.
Ч.Каныбеков
Ақтөбе гарнизоны әскери соты
әкімшісінің аға сот приставы
[xfvalue_img]
30 пікір