Сот жүйесіндегі ақпараттық технологияның дамуы халыққа тиімді болуда
Бүгінгі таңда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында сот жүйесінде ауқымды жұмыстар жүргізіліп, халық куә болып отыр.
Сот жүйесінде халық үшін тиімді қызмет атқару мақсатында қолға алынған жаңа ақпараттық технологиялар - «Үкімет порталы», «Сот кабинеті» арқылы келіп түсетін талап арыздар мен өзгеде арыздарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін электронды түрде қабылдаудың жаңа сервистері, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық электрондық құжат айналымының кеңейтілуінің барлығы көпшіліктің игілігіне қызмет етуде.
Сот кабинеті арқылы арыз шағымдар беруші азаматтардың уақытын, қаржысын үнемдеуге көп септігін тигізде, сонымен қатар шалғай ауылдық округтерде тұратын тұрғындар үшін «Сот кабинеті» өте тиімді болып отыр. БАҚ бетінде жарияланған макалалар арқылы ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, халықпен кездесу барысында үнемі айтылып, түсіндіріліп отырылады. Сонымен қатар қолданысқа енгізілген замануи технологияның көмегінің бірі-SMS хабарламасында айта кету қажет. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «www.sud.gov.kz» ресми сайтындағы «Сот кабинеті» бөлігіне өткен кезде қысқаша мәтіндік хабараламаны қарап, басып шығаруға арналған «Сотқа шақыру қағазы (sms)» деп аталатын қызмет бар, ұялы телефонға хабарлама барып тұрады, яғни тараптардың сотқа қай күнге келу туралы толық ақпарат жазылады.
Тараптардың сотқа онлайн арқылы қатысуға мүмкіндіктері бар, бұл жөнінде сот хатшылары сотқа қатысушы тарапттармен хабарласып сот отырысына онлайн қатысуға дайындық жүргізіп, сот отырыстары онлайн өткізілуде.
Жалпы айтқанда «Сот кабинеті» сервисін ерекше атап кеткен жөн, себебі арыз, шағымдардың электронды түрде жолдап, өз ісінің статусын онлайн арқылы бақылап отыруға мүмкіндік бар. Қазаргі таңда эксаумақтық соттылығы бойынша арыздар түсіп қаралу барысында.
Еліміздің сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында, халық үшін тиімділік жағынан барлық мүмкіндіктер өз жалғасын табуда.
Зияш Зайнуллина
Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы аудандық соты әкімшісінің басшысы
[xfvalue_img]
20 пікір