Мемлекеттік тіл – ел тұғыры!
Елдің қазіргі таңда барлық жоспарланып жасалынып жатқан мемлекеттік маңызды істердің көпшілігі мемлекеттік тілде десем қателеспеймін. Бұл дегеніміз-еліміздің өркендеуіне жасалған үлкен мүмкіндіктер деп білемін!
Мемлекеттік тіл – тұтастай қоғамды ортақ істерге жұмылдыратын,біріктіретін, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден-бір құралы.
Мемлекеттік тіл мемлекеттік маңызды мәселе болғандықтан, ол азаматтық, патриотизм, мәдени тұтастық сияяқты ұғымдарымен тығыз байланысты. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп те сезіне алмайды. Тарихтан да белгілі, қандай ел болмасын бостандық алғаннан соң ең бірінші мемлекеттік тілінің мәселесін шешеді. Қазіргі әлемдік бәсеке жағдайында күшті ұлттар ғана өз мүддесі үшін күресе алады. Күшті ұлт болу үшін күшті мәдениет қалыптасу керек, Сонда ғана әлемдік өркениет кеңістігінен өзіне тиесілі орынды ала алады.
Әрқашан елім деп соғар әр азамат пен азаматшаның елге деген, тілге деген құрметі мәңгі сөнбеуі керек деп білемін!
Әлемдегі барлық өркениетті елдердегідей мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет істейтіндердің бәрі бұл тілде білуге міндетті. Онсыз ол мемлекеттік тіл болып есептелмейді. Конститутциялық талап осы.
Әлемдік елдермен салыстыратын болсақ өз мемлекеттік тілдерінде қызмет жасап, басқа елдермен қарым-қатынасты жоғалтпасы үшін ортақ тілде де қолданылады.
Республикамызда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Қазақ тілін білуге міндеттеу ешкімнің құқығына қол салғандық болмайды. Мемлекеттік тілді білу – кәсіби талап.
Кез-келген салада болсын өзге тілді құрметтеу және өз мәдениетін сақтау үшін, өз тілдерінде жұмыс атқарылады.
Орал қаласының мамандандырылған
тергеу сотының әкімшісінің жетекші маманы
Уюмдасова Альмира Асқарқызы
[xfvalue_img]