Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты - оның алдын алу

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты - оның алдын алу

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің дамуына, қоғамның ішкі тұрақтылығына, экономикалық қауіпсіздікке кері әсер ететін ең басты қауіп-қатерлердің бірі болып табылады. Сондықтан оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты атқарылған жұмыстар аз емес.

«Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауда - «Жемқорлық - мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз - жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек», - деп айтылған болатын.

2014 жылғы желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы бекітілді. 2015 жылдың 18 қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заң қолданысқа енгізілді. Осы аталған құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тосқауыл қоятын көптеген құқықтық шаралар көрсетілген. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйым басшыларына жемқорлыққа қарсы пәрменді іс-әрекет жасау жауаптылығы белгіленді. Ендігі жерде өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әрбір басшы тиісті органдарға, лауазымды адамдарға дер кезінде хабарлауға міндетті. Егерде, ол осы міндетін орындамаса, заңда белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылады.

Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу қызметі көтермеленеді, мұндай жағдайда оларға ынталандыру шаралары қолданылады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл халықты жұмылдырудың нақты көрінісі болып отыр. Бұған қоса, жоғарыда аталған заңдардың негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздағы жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Осы ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау шаралары қолға алынып отыр.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамда белең алуы, ең алдымен, мемлекеттің атына, сонымен бірге, сот пен барлық құқық қорғау органдарының беделіне зор нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлықтың ең кең таралған түрі - пара алу және пара беру. Мұндай қылмыстарға барғандарға заң бойынша берілетін жаза қатаң.

        Қорыта келе, парақорларды анықтап, оларды сотқа тарту жеткіліксіз екендігін атап өткен жөн. Әрбір ұжымда бұл қылмыстың қаншалықты ауыр екенін, оның мемлекетке үлкен зиян келтіретінін түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, бірлескен шараларды қолға алу қажеттігін ескеруіміз керек. 

 Н.С.Қыдырғали

Ақтөбе гарнизоны әскери соты

әкімшісінің сот приставы                                                        

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.