«Сот кабинетінің» мүмкіндіктері

«Сот кабинетінің» мүмкіндіктері

Қазіргі жаһандық цифрландыру заманында еліміздің сот жүйесінде «Сот кабинетінің» алатын орны ерекше.

Алдымен , «Сот кабинеті» дегеніміз не?-  деген сұраққа тоқталсақ.

«Сот кабинеті» – бұл сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған бірыңғай терезе. Жеке және заңды тұлғаларға онлайн режимінде  «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап қоюларды (арыздарды) беруге,  шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сонымен қатар, істің қаралу барысын бақылауға  мүмкіндік береді.

Сот кабинетінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәләндіруші орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет.  

Пайдаланушы электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен «Сот кабинетінде» авторизациялау рәсімінен өтуі қажет. Пайдаланушы «Сот кабинетінде» авторизациялау рәсімінен өткеннен кейін өзіне қажетті қызмет түрлерін пайдалана алады, атап айтқанда, талап қоюды беру, апелляциялық немесе жекеше шағымды беру, кассациялық шағымды беру, сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхаттарды беру, сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды беру, «Іс бойынша  құжаттар» бөлімі арқылы: пікір, қарсы талап арыз, талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз, сот отырысының хаттамасына ескертулер, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы өтініштер және басқа да өтініштерді бере алады.

Сот органына электронды құжаттарды жолдау үшін Пайдаланушы осы сервистердің бірін қамтитын файлды қосымшасымен бірге электрондық құжаттарды беру жүйесіне жүктейді және еңгізілген деректердің  дұрыстығын тексереді.  Жүктелетін әрбір файлдың көлемі 10МВ-тан аспауы қажет.

Өтініш пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәләндырылғаннан кейін Қазақстан Республикасының сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі. Пайданушының электрондық құжаттарды жолдағандығы - жөнелту туралы талонның толтырылуымен расталады.

Сонымен қатар, егер Пайдаланушыға өзі жолдаған өтіншке тағы да қосымша құжаттарды қосу қажет болған жағдайда, онда ол  «Құжаттарды қосымша жолдау» функциясын  пайдалана алады.

«Сот кабинетінің» ыңғайлы функцияларының бірі «Сот  істерін іздеу» функциясы. Аталған функцияны пайдаланушы «Сот кабинетінде» авторизациялау рәсімінен өтпей –ақ пайдалана алады. Ол үшін Пайдаланушыға «Сот кабинеті» интернет-сервисін (www.sud.kz) ашып, «Сот істерін іздеу» функциясын таңдау қажет, ары қарай, «Іздеуге көшу» батырмасын басу қажет, батырманы басқаннан кейін «Сот істерін іздеу» терезесі ашылады. Ары қарай,  Пайдаланушы, «Облыс (астана, республикалық маңызы бар қала)», «Сот органы», «Есептік жыл», «ЖСН/БСН», «Істің нөмірі (бар болған жағдайда)» және «Тарап, сотталушы, сотталған адам, құқық бұзушы» жолдарын толтырып, «мен робот емеспін»  және «Табу» батырмаларын басады. Жаңа терезеде, Пайдаланушы өзіне қатысты іспен танысып, сот актілерін жүктей алады.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Call-орталығына азаматтардан әкімішілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша «сот актілерін қалай алуға болады?» - деген сұрақтар жиі келіп түседі. Call-орталық мамандары орталыққа қоңырау шалған азаматтарға жоғарыда аталған, «Сот  істерін іздеу» функциясын онлайн-режимде пайдалану мүмкіндігін түсіндіріп, кеңес береді.

Сонымен қатар, Пайдаланушы «Сот кабинетінің» мобильдік қосымшасын өзінің ұялы телефонына жүктеп, өзіне қажетті қызметтерді ала алады.

«Сот кабинеті» жеке және заңды тұлғаларды сот жүйесімен байланыстыратын көпір деп санаймын. 

Айгерим Жакетаева 

Астана қаласының әкімшілік құқық

бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маманы                         

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.