Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекетіміздің бірден-бір қолға алған факторлардың бірі. Оның алдын алу үшін көптеген іс-шаралар қолданылып, жасалған жұмыс аз емес.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз парақшасында "Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе", - деп, атап өтті. Яғни бұл мәселе тек біздің мемлекете ғана емес, ол барлық әлемді қамтыған дерт болып табылады. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық ауқымдылығына ғана байланысты ерекшеленеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу өте маңызды және мемлекеттің нарықтық экономикасына, әлеуетіне тидіретін зиянды алдын алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар болып табылады. Нәтижесінде онымен күресте алатын орны зор. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жою мақсатында заңнамалық актілер қабылданды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтердің алынуын жеңілдету үшін электронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты енгізілді.
Аталған шараларды жүзеге асыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын атап өту қажет, яғни заңдылық, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы, жариялылық пен ашықтық, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы.
Әрине, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырмай, біз бұл дертпен күресу шараларымыз негізсіз болып табылады. Себебі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызмет болмаған жағдайда, бұл бұзушылықтар әрі қарай жалғаса бермек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Елбасымыз да атап айтқандай қазіргі таңда, ең алдымен, құқық бұзушылықты болдырмаудың, оның алдын алудың маңыздылығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жұмыстың аса анық үйлестірілген жүйесін құру қажеттілігін ескертіп, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп көрсетті.
Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, жүйелік мониторингті жүзеге асырып, осы бағыттағы жұмыстарды талдаумен жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің өзектілігі оның жан-жақты болуына байланысты. Шоғырландырылған күш-жігер мемлекетке ғана емес, бүкіл азаматтық қоғамға қажет.
Заңға сәйкес жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады: өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдық басқа да субъектілерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зерттеулер, оның ішінде ғылыми және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді; бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар ұйымдастырады.
Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек.
Б.Е.Бисакаева
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]