Ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелері
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексімен бекітілген. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады.
Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға – ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің – төрттен бір бөлігін; екі балаға – үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың мариалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән жайларды ескере отырып, кемітуі мүмкін.
Баланы күтіп бағу үшін алимент өндіру үшін міндетті түрде некені бұзу туралы куәліктің болуы шарт емес. Бірге тұрмаған күннен бастап, баламен қалған тарап сотқа арызданса, сот үш күннің ішінде бұйрық шығарады. Сол бұйрықтың негізінде атқару парағы шығады. Атқару парағын сот орындаушысына тапсырылады. Егер бала үш жасқа толмаған болса және әйел адам бала күтімімен үйде отырса, әйел адам өзіне де алимент талап етуге құқығы бар. Ол үшін сотқа арызданады. Сот екі тарапты сот отырысына шақырып шешім шығарады. Сол шешімнің негізінде атқару парағы шығарылып, атқару парағы сот орындаушысына тапсырылады.
Баланың ата-анасы ата-аналық құқығынан айырылған жағдайда немесе шектелген жағдайда сот шеешімінде ата-аналық құқығынан айырылған ата-анадан алимент өндіру бөлігі болуы мүмкін. Ата-аалық құқығынан айыру (шектеу) туралы сот шешімінде алимент өндіру көрсетілсе, заңнамаға сәйкес ата-аналық құқығынан айырылған ата-ана баласының күтіп-бағылуына алимент төлейді. Баланы басқа отбасы асырып алса, алимент тоқтатылады.
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының бас маманы М.Аккузова
[xfvalue_img]