Сот кабинетінің мүмкіндігі мол

Сот кабинетінің мүмкіндігі мол

2014 жылы сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық сервисі іске қосылды.

        «Сот кабинеті» сервисі электрондық өзара іс-қимыл, сондай-ақ сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығы арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе, ол арқылы азаматтар, олардың өкілдері немесе адвокаттары ғаламтордың көмегімен өтініштері мен арыздарын электронды түрде жібере алады. Сонымен бірге, мелекеттік бажды онлайн режимінде төлеу, сот құжаттарын қарау, істің тарихымен танысу мүмкіндіктері де қарастырылған.

         Аталған сервис біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік береді.

        «Сот кабинеті» сервисін іске қосқан сәттен бастап оның мүмкіндіктері тиісті түрде бағаланды: сервисті халық кең пайдалануда және адвокаттар мен кәсіпкерлердің тиімді жұмысына көмектесуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге және өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етеді.

       Сервистің қағаз түрінен ерекшелігі электрондық нысанда талап арыздарды, сот хаттамасын беру туралы арызды, хаттамаға ескерту-арызды беруге, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық қадағалау іс жүргізуіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланушыға ыңғайлы кез-келген орындағы интернет желісі арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге берілген мүмкіндік болып табылады.

        Сот кабинетіне кіру үшін міндетті түрде электрондық цифрлық қолтанба (одан әрі - ЭЦҚ) болуы қажет.

Сот кабинеті халықтың сот органдарының электрондық сервистеріне бір терезеден қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, сот кабинеті арқылы сотқа талап қоюлар (арыздар) мен әкімшілік құқық бұзушылық істерді де жолдау қарастырылған. Сотқа барлық түскен талап қоюлар (арыздар) мен әкімшілік құқық бұзушылық істердің 99% аталған сервис арқылы түсуде.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі сот органдарының азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мен мерзімін қысқарту болғандықтан, осы сервисті пайдалануға шақырамыз.

Мұғалжар аудандық соты

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.