Қазақстандағы сот процестерінің онлайн режимі
Соңғы жылдары көптеген елдердің сот жүйелері ақпараттық технологияларды белсенді енгізу арқылы өз қызметін түбегейлі өзгертуде. Covid-19 пандемиясы жалпы қоғамда және сот төрелігінде бір қатар жаңашылдық енгізуіне әсер етті. Бұл сандық жағынан да, сапа жағынан да барлық деңгейдегі соттардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологиялар біртіндеп қағаз құжаттарды алмастырып жатыр, көптеген мемлекеттік мекемелердің мобильді қосымшалары, арыздарды қабылдайтын сайттар құрылады, сол сайтта көрсетілетін қызметтердің барлық тізбесі ұсынылады. Қазіргі таңда кез келген азаматқа анықтама алу үшін үйден шығудың қажеті жоқ.
Жоғарғы Соттың жаңа онлайн қызметтері сот шешімдерінің жеделдігін арттырады. "Сот құжаттарымен танысу" сервисі соттар мен азаматтардың қарым-қатынасын айтарлықтай жеңілдетеді, сот процесінің қатысушылары тек логин, пароль және ЖСН енгізу арқылы сот процесінің құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді.
Пандемия Covid-19 кезінде барлық сот процесттері онлайн форматында жүргізу міндетімен тап болды. Сол кезде сот жүйесінде бұл үшін заңнамаға қажетті өзгерістер мен сот отырыстарын онлайн режимінде өткізуге толық мүмкіндік беретін бағдарламалар қабылданды. Қазіргі таңда сот процесттері бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізіледі.
Бейнеконференцбайланыс бұл қашықтықтағы бірнеше абоненттермен нақты уақыт режимінде интерактивтік өзара іс-қимыл жасау үшін ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар пайдаланылатын аудио, бейнеақпарат алмасу мүмкіндігі бар байланыс қызметі болып табылады. Бейнеконференцбайланыс құралдарын қолдану кезіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сот процесін ұйымдастыру үшін жауапты адамдар мен техникалық мамандарға жүктеледі.
Сот отырысын бейнеконференцбайланыс құралын пайдалана отырып өткізу соттың өз бастамасы бойынша не іске қатысушы адамның не сот процесіне қатысатын өзге қатысушының өтінішхаты бойынша және тергеу изоляторы мен түзету мекемесінде бейнеконференцбайланысты жүзеге асыруға техникалық мүмкіндік болған кезде жүзеге асырылады. Техникалық маман бейнеконференцбайланысты өткізуге арналған жабдықтардың жұмысқа тұрақты жарамды болуын қамтамасыз етеді.
Бейнеконференцбайланыс құралдарын қолдану арқылы өткізілетін сот отырысы басталғанға дейін 20-30 минут бұрын сот отырысының хатшысы бейнеконференцбайланысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын тараппен немесе тергеу мекемемен қосылуды жүзеге асырады.
Жабдықта ақаулықтар анықталған немесе сотпен байланыс болмаған жағдайда сот отырысының хатшысы бұл туралы дереу техникалық маманға хабарлайды, ол ақауларды жою жөнінде шаралар қолданады. Техникалық маманның техникалық ақауларды жоюға мүмкіндігі болмаған кезде сот отырысын өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда сот отырысының хатшысы бұл туралы бейнеконференцбайланысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын сотқа немесе тергеу мекемеге дереу хабарлайды.
Техникалық ақауларды жою мүмкіндігі болмаған, техникалық немесе өзге де себептерге байланысты сот отырысының басталуы кешіктірілген жағдайда, сот отырысының хатшысы техникалық мүмкіндіктің болмауы жөнінде еркін түрде акт толтырады, оған кеңсе меңгерушісі, сот отырысының хатшысы және техникалық маман қол қоя керек. Бейнеконференцбайланыс құралдарын қолданудың техникалық мүмкіндігінің болмағаны туралы акт іс материалдарына қоса тіркеледі.
Сот отырысында бейнеконференцбайланыс, мобильді бейнеконференцбайланыс жүйесінің қолданылуы туралы сот отырысының хаттамасында тиісті белгі қойылады. Осындай тәртіппен бейнеконференцбайланыс құралдарын пайдалана отырып сот процесстері өткізіледі.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
Ауданаралық әскери сотының жетекші маманы
Жұманғали К.С.
[xfvalue_img]