РЕСПУБЛИКА КҮНІ - ЕЛІМІЗДІҢ  ЕГЕМЕНДІГІНІҢ БЕЛГІЛЕРІНІҢ БІРІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ - ЕЛІМІЗДІҢ ЕГЕМЕНДІГІНІҢ БЕЛГІЛЕРІНІҢ БІРІ

Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. Республика күні елдің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символы болуға тиіс.

Қасым -Жомарт Тоқаев

Тәуелсіздік алған алғаш күннен бастап, Қазақстан Республикасының халқы нарықтық экономикасы мен сыртқы және ішкі саясаты дамыған көшбасшы мемлекетте өмір сүріп жатыр.

Қазақстанның халықаралық саясаты мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің халықаралық кепілдіктеріне қол жеткізуге бағытталған. Шет елдермен достық қарым-қатынас орнату үшін орасан зор жемісті жұмыс жүргізілді. 120-дан астам ел Қазақстанмен дипломатиялық қатынастарды ресми түрде мойындады және орнатты. Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды және белсенді мүшесі болып табылады, сондай-ақ неғұрлым ықпалды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтты.

Қазақ мемлекетінің тарихы бір мың бес жүз жылға жуық. Алтын Ордада болған барлық бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың заңды мұрагері –  дербес Қазақ хандығы құрылғанына бес жүз жылдан астам уақыт өтті. Оның ішінде шамамен үш жүз жыл, 1731 жылдан бастап қазақ халқы Ресей мемлекетінің құрамында, оның ішінде 75 жыл – Кеңес өкіметі кезінде өмір сүрді.

Республиканың егемендікке жету жолы ұзақ және ауыр болды. Қазақ халқына тәуелсіздік, мемлекеттілік үшін тұрақты күрес жүргізуге тура келді.

Қазақ халқының өз бостандығы үшін ғасырлар бойғы күресінің қисынды нәтижесі 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған «Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы» Декларация болды, онда «Қазақ КСР республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлттық-мәдени құрылысын, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты барлық мәселелерді, мемлекеттік билік пен басқару органдарының құрылымы мен құзыретін, сондай-ақ Республика рәміздерін дербес шешеді» делінген.

Егер ескі, кеңестік Конституция бойынша КСРО заңдары ел аумағында міндетті болса, онда жаңа декларация бойынша Қазақ КСР өз ережелерін құруға және өз аумағында Кеңестік заңдар мен басқа да актілердің қолданылуын тоқтатуға құқылы болды.

Сол кезден бастап Қазақстан егеменді елге айналуының алғышартын бастап кеткен еді.

Отандық тарихымызда алғашқы рет елімізді дамыту мақсатында демократиялық мемлекет құру жайлы айтылған болатын.

Биыл Ұлттық Құрылтай жиынында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық бірлігінің кепілі ретінде: «Ұлттық мерекелер мен мерейтойлар тізбесіне бірқатар өзгерістер енгізу қажет. Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын... Республика күні елдің мемлекеттілікке батыл қадамының нышаны болуға тиіс. Әрине, тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Алайда, оны Тәуелсіздікке айтарлықтай үлес қосқан ұлттық батырларымызды еске алу күні ретінде атап өту керек» деп атап өтті.

Бұл тарихи және аса маңызды шешім екені рас.

Қазақстанның өткен жылдардағы жетістіктері шынымен де ауқымды. Қазақстан өзінің мемлекеттілігін құрды және ұлттық тәуелсіздіктің негізін қалады, дамытты, нығайтты, елдің аумақтық тұтастығын және шекаралардың мызғымастығын қамтамасыз етті, экономиканы дамудың еркін нарықтық жолына ауыстырды.

Қазақстанда шет елдермен ынтымақтастықтың барлық қажетті халықаралық-құқықтық тетіктері құрылды, бұл ретте республика өңірлік және жаһандық сипаттағы мәселелерді шешуге қатысу кезінде дауыс беру құқығына ие болды.

Отандық дипломатияның ең үлкен жетістіктерінің бірі ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету және 2010 жылғы желтоқсанда ұйымның Астанада Саммитін өткізу болды.

Біздің мемлекетіміздің жоғары адамгершілік бітімгершілік миссиясы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының форумдарында, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінде – елден тысқары жерлерге белгілі ұлтаралық қатынастарды реттеудің бірегей институтында табысты іске асырылуда.

Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша ТМД-ны одан әрі дамыту Тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары мақұлданды. Бұл құжаттар ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді кезеңге арналған басым бағыттарын айқындайды және достастықты жандандыруға арналған.

Бүгінгі таңда біздің жас мемлекетіміздің мақсаттары отыз жыл бұрын алдымызға қойған мақсаттардан өзгеше.

Қорытындылай келе, отыз жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан Тәуелсіздікті сақтау мен нығайтудың жалғыз дұрыс жолын таңдауы керек болды деген қорытынды жасауға болады. Бүгінгі таңда жол таңдалды деп сеніммен айтуға болады, ол – Жаңа Қазақстанды құру. Алайда, елімізді жаңарту үшін, барша отандастар бір кісідей жұмылып, аянбай еңбек етуіміз қажет.  

Ең басты құндылығымыз, ол Қазақстан халқының бірлігі, егемендігі, барлық азаматтардың теңдігі және олардың ар-намысы мен еліміздің тағдыры үшін ортақ жауапкершілігі болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы халықаралық аренада танымал, беделді мемлекеттер қатарында.

Осындай айтарлы жетістіктерге қол жеткізген егемендігіміздің белгісі болып әрине қайта орнатылған Республика күні болып табылады. Ол – мемлекеттік пен егемендік тұрғысынан еліміздің Тәуелсіздігін нығайта түсуге септігін тигізетіні сөзсіз.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы

Мажитов Руслан

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.