Гендірлік саясат. Еркек пен әйелдің теңдігі.
Мемлекеттік гендерлік саясаттың мақсаты барлық салаларда ерлер мен әйелдердің тең құқықтарға, міндеттерге және мүмкіндіктерге қол жеткізуі, жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін жою болып табылады. 2009 жылы қабылданған «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы гендерлік саясат саласындағы негізгі заңнама болып табылады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсындағы №384 Жарлығында гендерлік саясаттың негізгі бағыттары, мәселелері, халықаралық тәжірибеге шолу, гендірлік саясаттың дамытудың пайымы, негізгі қағидаттары мен тәсілдері, гендірлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жоспары көрсетілген.
Гендерлік мәселелер көптеген елдерде мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылатынын көрсетіп отыр. Халықаралық қоғамдастық гендерлік теңдік саласындағы рейтингтерді үнемі қадағалап отырады. Қазақстан негізгі халықаралық актілерді – әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі Бейжің декларациясын және іс-қимыл платформасын(1995ж.), әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы БҰҰ конвенциясын(1998ж.), әйелдердің саяси құқықтары туралы Конвенцияны(2000ж.), тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы Конвенцияны (2000ж.), ерлердің еңбегіне тең сыйақы беру туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенциясын(2000ж.) және т.б. ратификациялады. Гендерлік саясатты іске асыру мәселелерінде Қазақстан бірқатар халықаралық ұйымдармен: Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдерді дамыту қоры(ЮНИФЕМ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы(ЕҚЫҰ), Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйыммен(ХКҰ) тығыз ынтымақтастық жасайды. Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының сарапшылары Қазақстанның гендерлік теңсіздікті қысқартудағы жетістіктерін атап өтеді.
Әйелдер мен ерлердің ресурстар мен мүмкіндіктерге тең құқықтар және сол ресурстар мен мүмкіндіктерге тең қол жеткізуін Қазақстан Республикасында гендерлік саясатың негізгі даму бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасында гендерлік саясатты келесі 5 қағидат бойынша жүзеге асырылады:
1)жынысына қарамастан барлық экономикалық, мәдени, азаматтық және саяси құқықтарды тең пайдалануда қамтамасыз ету;
2)жыныс белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу;
3)гендерлік өзін-өзі тануды қалыптастыру және қоғамдағы гендерлік стереотиптерді жою;
4)гендірлік зорлық-зомбылықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік;
5)екі жыныс өкілдерінің қауіпсіздікті қолдау және бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесуге тең құқылы қатысуы.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
әскери соты кеңсесінің жетекші маманы К.C. Жұманғали
[xfvalue_img]