Тіл - жүректің елшісі, жүректен шыққан сөз жүректерге жол табады.

Тіл - жүректің елшісі, жүректен шыққан сөз жүректерге жол табады.

      Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Тіл – ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді. Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді. Өз ұлтын, өз тілін сүймеген, өз ұлтын қадірлемеген адам басқаны да қадірлеп жарытпайды. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.  Орыс, ағылшын тілін біл, бірақ ана тіліміз олардан биік, жоғары тұруы тиіс. Тіл мәселесін шешетін уақыт болды. Оның кілті өз қолымызда. Әркім өзінен бастасын.

Біздің тіліміз – қазақ тілі. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен деймін. Демек, тіл тазалығы өте маңызды мәселе. Себебі конституцияда көрсетілгендей Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Бұл жерде ешқандай да орыс тілі, немесе ағылшын тілі деп жазылмаған. Әр мемлекет өз тілінде сөйлейді, ендеше біз де солай істеуге тиістіміз. Ұлттың болашағына, оның өзіндік «Мен» дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктеріне сеніммен қарау құр қиялдың жемісі емес. Мен де елімнің жырын, тілімнің мұңын Әбілқайырша айтқанда: «Жайықтың табанында бір тамшы су қалмағанынша, Қазақтың тамырында бір тамшы қан қалмағанынша» жырлап өтемін.                  

     Қазақ халқының асыл да дана перзенті, ана тіліміздің жанашыры Ахмет Байтұрсынов айтқанындай, туған тіліміз - тұғырымыз, екенін әсте ұмытпайық, ағайын. Ана тілі - қазақ тілі, бай мұрасын саф алтындай сақтап, аса қадір тұтып бізге мұра етті. Тіл - ұлт рухы. Халқымыз «Тіл - жүректің елшісі, жүректен шыққан сөз жүректерге жол табады», - деп жатады. 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының сот приставы Т.Кафезов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.