Тіл- ұлттың төлқұжаты, мемлекеттің тұғыры

Тіл- ұлттың төлқұжаты, мемлекеттің тұғыры

 

Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы.Шыны керек, менің тілім – қазақ тілі болғанын мақтаныш етемін. Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып табылады. Тіл – ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді. Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді.Өз ұлтын, өз тілін сүймеген, өз ұлтын қадірлемеген адам басқаны да қадірлеп жарытпайды. Бүгінгі таңда басқа тілде сөйлеп, жетік біліп тұрып, өз ана тілімізді білмесек, ұлт ретінде бар екенімізді білдіртпесек, онда мемлекетіміздің болашағы күмән туғызатын мәселеге айналуы мүмкін. Өзге ұлттар арасында да бізді ұлт ретінде санайтындар азаяды. Орыс, ағылшын тілін біл, бірақ ана тіліміз олардан биік, жоғары тұруы тиіс. Тіл мәселесін шешетін уақыт болды. Оның кілті өз қолымызда. Әркім өзінен бастасын.

Біздің тіліміз – қазақ тілі. Қазақ ақыны Жұбан Молдағалиев «Мың өліп, мың тірілген» деп жырлаған дана халқымыз сан ғасырлар бойы талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірсе де, Ана тілі - қазақ тілі, бай мұрасын саф алтындай сақтап, аса қадір тұтып бізге мұра етті. Тіл - ұлт рухы. Халқымыз «Тіл - жүректің елшісі, жүректен шыққан сөз жүректерге жол табады», - деп жатады. Демек, тіл тазалығы өте маңызды мәселе.Ұлтты құрту үшін, тілін, дінін құрту керек деген мақсатты берік ұстанған миссионерлік саясаттың кесірінен ана тіліміз көп азап шекті. Тіпті өз ана тілімізде сөйлеуге намыстанатын жағдайға жеттік.Еліктеушілік – мақтаншақтықтан басталады. Шектен тыс еліктеушілікке салынып, өз тілін шұбарлау барып тұрған әдепсіздік,  сорақылық, аяқ асты ету деп есептеледі. Қазақ халқының асыл да дана перзенті, ана тіліміздің жанашыры Ахмет Байтұрсынов айтқанындай, туған тіліміз - тұғырымыз, екенін әсте ұмытпайық, ағайын.

     Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі үстем болып, ол мемлекетіміздің ең маңызды тірегіне айнала берсін. Тілді қайтадан жаңғырту - өз ішімізде еліміздің мәртебесін жоғарыға асқақтату. Бұл үшін еліміздегі тек білім саласы емес, барлық сала көз жұмып қарамай бір кісідей ат салысуға тиісті. Себебі, конституцияда көрсетілгендей Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Бұл жерде ешқандай да орыс тілі, немесе ағылшын тілі деп жазылмаған. Әр мемлекет өз тілінде сөйлейді, ендеше біз де солай істеуге тиістіміз.

Ұлттың болашағына, оның өзіндік «Мен» дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктеріне сеніммен қарау құр қиялдың жемісі емес. Мен де елімнің жырын, тілімнің мұңын Әбілқайырша айтқанда: «Жайықтың табанында бір тамшы су қалмағанынша, Қазақтың тамырында бір тамшы қан қалмағанынша» жырлап өтемін.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы Т.Кафезов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.