«Сот жүйесіндегі электронды сервистер»
Ұлт Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арналған Жолдауында азаматтардың Конституция кепілдік беретін қорғалу құқығын сот арқылы жүзеге асыруы, жаңа ақпараттық заманауи технологияларды белсенді енгізуі, сот төрелігінің сапалы және нәтежелі атқарылуына мүмкіндік беретін мәселелер шешімін табуы тиіс деген еді. Ұлт Көшбасшымыздың тапсырмасына орай, қазіргі таңда соттарда сот төрелігіне қолжетімділік және сот отырыстарында дыбыс-бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы істер 100 % қаралуда. Сот отырыстары дыбыс-бейнежазба қондырғылары арқылы өткізілетіндіктен, сот отырыс хатшыларының жұмыстары да әлдеқайда жеңілдеген.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың www.sud.kz ресми сайтында «Сот кабинеті» сервисі іске қосылған болатын. Сол уақыттан бері электрондық цифрлық қолтаңбасы бар республиканың кез келген азаматы «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисін қолданып, сотқа талап арыз, өтініш беру мүмкіндігіне ие. «Сот кабинеті» 2016 жылдан бері пайдаланушыларға жетілдірілген түрде қызмет көрсете бастады. Оның құрылымы да өзгерді.
Бүгінгі таңда азаматтардың басым бөлігі Сот кабинетінің қызметіне жүгінеді. Себебі аталған сервис тұрғындар үшін ыңғайлы етіп жасалған, олар үйлерінен шықпай-ақ ғаламтор арқылы сот құжаттарымен таныса алады. Нәтижесінде еліміздің барлық соттарында арызды беру және тіркеу сатысынан бастап, заңды күшіне енген сот актісін орындауға жібергенге дейін сот ісін жүргізу процесі түгелдей электронды форматқа көшірілді.
Бұл заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Әскери Сотының
бас маман - сот отырысының хатшысы Н.Жунисова
[xfvalue_img]
14 пікір