Үн-бейне жазба құрылғыларын пайдалану жүйесі
Ұлт Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арналған Жолдауында азаматтардың Конституция кепілдік беретін қорғалу құқығын сот арқылы жүзеге асыруы, жаңа ақпараттық заманауи технологияларды белсенді енгізуі, сот төрелігінің сапалы және нәтежелі атқарылуына мүмкіндік беретін мәселелер шешімін табуы тиіс деген еді. Елбасымыздың осы тапсырмасына орай, қазіргі таңда облыс көлеміндегі соттарда сот төрелігіне қолжетімділік және сот отырыстарында дыбыс-бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы істерді қарау жолға қойылған. Оның дәлелі, облыс көлеміндегі соттардағы 40 сот залына арнайы дыбыс-бейнежазу қондырғылары орналастырылып, бұл мәселе 100 пайызға өз шешімін тапқандығы. Сот отырыстары дыбыс-бейнежазба қондырғылары арқылы өткізілетіндіктен, сот отырыс хатшыларының жұмыстары да әлдеқайда жеңілдеген. Мұғалжар аудандық сотының 9 айының қортындысы бойынша дыбыс-бейнежазба қондырғылары арқылы 100 пайызды құрап отыр. Бұл дегенім, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану соттар қызметінің қолжетімділік, ашықтық және тиімділік тәсілдерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда сот жүйесіндегі әрбір іске қосылған жаңа бағдарламаның, технологияның орны бөлек. Ең бастысы, заман талабына сай заманауи технологияларды сот жүйесіне енгізу қарапайым халықтың игілігі үшін.
Г.Шутеева
Мұғалжар аудандық сотының бас маманы
[xfvalue_img]