Ана тілім
Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі мемлекеттік тіл. Қазақ тілінің қайығы кері қарай жүріп бара жатыр дей алмаспыз. Даму бар. Алға жылжу байқалады. Ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Дегенмен ана тіліміздің адымдап дамуына өзіміздің де кері әсер беріп жататын кездеріміз бар. «Қазақтың тілі - қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да - тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, діні де - тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі - ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қай ұлттың өкілі болмасын Қазақстанда тұрады екен, оны қасиетті де киелі Отаным деп мойындап, оның гүлденуі үшін қызмет етуі тиіс. «Бір халықпыз, өзгелерге үлгі-өнеге көрсететін ұлтпыз. Мынау он сегіз мың ғаламның ортасынан біздің де алатын орнымыз бар» деген биік сенім, сезімде болуымыз керек. Сонымен қатар Қазақстан мемлекеттің азаматы екенімізді жан-жүрегімізбен түйсінсек, болашақ ұрпаққа Отан алдында жауапты екенін ұғындырсақ, тіл мәдениетін көтеріп, оның ішінде өзге тілдерге көлеңке түсірмей, тілін өркендетуге болады. «Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады» деп Ғ. Мүсірепов айтқандай елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті. Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал.Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің тағдырын кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелердің басшылары аудармашыларға немесе мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлерге жүктеп қоюда. Ал, тілдің тағдыры тек мұнымен шектелмейді. Бұл жолғы үлкен үміт күттіріп отырған бағдарламаның орындалуы «Қазақ тілі» қоғамына, жергілікті жердегі тілдерді дамыту басқармаларына ғана емес, біздің бәрімізге, еліміздің, әр азаматына тікелей байланысты.Тіл мәселесі кезең – кезеңімен жүйелі шешіліп келеді. Тілге қатысты көп сөзден гөрі айқын да нақты істер керек. Қазақстанда тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалынып жатыр. Ендігінің бәрі өзімізге байланысты.«Ана тіліміз-асыл мұра». Тіл халықтың жаны, діні, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы. Сол асыл мұраны аялап, керек кезінде қорғай білу, дамыту және өскелең ұрпаққа жеткізу барша жанның тікелей борышы екендігі даусыз.Тіл мәселесі кезең – кезеңімен жүйелі шешіліп келеді. Тілге қатысты көп сөзден гөрі айқын да нақты істер керек.
Бұл тұрғыда ұлттық салт-дәстүрімізді ұстана жүріп, ана тіліміздің қадірі мен қасиетін жалықпай дәріптеу жолында еңбек етсек жақсы болар еді деген ойдамын.Тілімізді шұбарландырып жақсы атанбаймыз. Мерзімді басылымдарда өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгергендері туралы көп жазылуда. Оқыған кезде олар үшін қуанамыз. Ал қазақ бола тұра, қазақ тілін білмейтіндерге осы бағытта жұмыстансақ ше? Құба-құп болар еді.
Қазақстанда тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалынып жатыр. Ендігінің бәрі өзімізге байланысты.Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Қаймақты тілді пайдаланбай, қаспақтың түбін қырғыштап жүргендерге айтарым: әркімнің ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек. Соны әрбір Қазақстан азаматының жүрегімен ұққаны жөн.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты кеңсесінің бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы И.С.Нургалиева
[xfvalue_img]
3 пікір