Бас бостандығынан шектеу жазасын өтеуден жалтарудың салдары

Бас бостандығынан шектеу жазасын өтеуден жалтарудың салдары

Қылмыстық заңнамада жазаның бірнеше түрі бар. Оның бір балама түрі бас бостандығынан шектеу жазасы болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 44-бабына сәйкес, бас бостандығын шектеу сотталған адамға алты айдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден және оны жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартудан тұрады. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі.

Бас бостандығынан шектеу жазасының барлық кезіңе пробациялық бақылау белгіленіп, оны уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Сонымен қатар, сот үкімі бойынша сотталған адамға: оның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау; белгілі бір орындарға бармау; психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан), жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан емделу курсынан өту; отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыру мiндеттерiн; түзелуіне және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуға ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды жүктейді.

Егерде, сотталған адам бас бостандығын шектеуді өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, оның өтелмеген мерзімі бас бостандығын шектеудiң бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Осы ретте, айта кететін жағдай, Қылмыстық атқару кодексінің 67-бабында сотталғанмен аталмыш жазаны өтеудің шарттарын бұзу тізбесі көрсетілген.

Атап айтқанда, олар бір жыл ішінде өздеріне жүктелген міндерді бірнеше рет орындамау; электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзу (бүлдіру); жеке басы құқығына, кәмелетке толмағандардың құқығына, отбасылық-тұрмыстық қатынастарға, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қолсұғатын, сотталған адамға соларды жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу болып табылады; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету; сотқа дейінгі іс жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізінде тоқтатылған жағдайда, сотталған адамның қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде қайталап қылмыс жасауы; заңды талаптарды орындаудан бас тарту, сол сияқты пробация қызметінің қызметкерін қорлау не оған қатысты күш қолдану қатерін төндіру;  пробациялық бақылаудан жасырыну; дәлелді себептерсіз мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтару бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады.

Алайда, сот тәжірибесі көрсеткендей, кейбір сотталғандар қоғамнан оқшауланбай түзелуге мүмкіндік берген соттың ізгілікті шешімін түсінбей жүргізілген тәрбиелік іс-шараларға құлақ аспай және соттың шешімін мойынсынбай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзып жатады.

Бұндай жағдайда, пробация қызметі тағайындалған бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту туралы ұсыныспен сотқа жүгінеді.

Осы ретте, сот тәжірибесіне жүгінсек, көбіне көп сотталғандармен қайталап қасақана қылмыс жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау, өздеріне жүктелген міндеттерді жүйелі түрде бір жыл ішінде бірнеше рет қайталап бұзу, пробация қызметінің заңды талабына бағынбау, жазасын өтеуден жалтару деректері өте көп кездеседі.

Өз кезегінде, үкiмнің бәрiне бiрдей мiндеттi және бұлжытпай орындау қағидасының бұзылуы алаңдады.

Ал, оған жол берген, жазасын өтеуден қаскөйлікпен жалтарған сотталғандардың жазасын қатаң жазаға өзгертуге негіз болып табылады.

Бағлан Идирисов 

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының

№2 аудандық сотының судьясы                                   

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.