Сот кәсіпкерлік заңнаманы бұзғаны үшін жеке ұйғарым шығарды
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талап арызы бойынша әкімшілік істі қарады.
Сот жеке ұйғарым шығаруға және талапкердің талаптарын қанағаттандыруға негіз болған мемлекеттік органның кәсіпкерлік заңнамасын бұзылғандығын анықтады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.
Сотта Департамент мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру рәсімін регламенттейтін кәсіпкерлік заңнаманың императивті талаптарына қарамастан, табиғи монополиялар субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша нұсқаманы заңсыз шығарғаны анықталды.
Жеке ұйғарым Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысына қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдаған Жоғары тұрған органға жіберілді.
Искакова Эльвира
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы
[xfvalue_img]