Электронды форматта қылмыстық істерді және материалдарды ресімдеу, сотқа жолдау туралы семинар
Ақжайық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Нұрым онлайн байланыс арқылы аудандық прокуратура және полиция бөлімінің өкілдерінің қатысуымен электронды форматта қылмыстық істерді және материалдарды ресімдеу, сотқа жолдау тәртіптері бойынша семинар өткізді.
Отырыс барысында аталған тәртіпте қылмыстық істерді және материалдарды сотқа дейінгі тергеу органдарымен, прокуратурамен ресімдеуде өзара іс-қимылдарды толық орындау, процесуалдық актілердің сапасы, сонымен қатар құжаттардың тізім бойынша енгізілген құжаттардың түгел болуы, құжатты ЭЦҚ арқылы куәландіру мүмкіндігін дұрыс жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар түйткілді мәселелерді жетілдіріп, одан әрі жұмыстанатындықтарын жеткізді.
Ақжайық аудандық соты.
[xfvalue_img]
22 пікір