Сот орындаушысы өзінің міндеттеріне үстірт қарағаны үшін жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы басшылығына жеке ұйғарым жолданды.

Сот орындаушысы өзінің міндеттеріне үстірт қарағаны үшін жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы басшылығына жеке ұйғарым жолданды.

 

Жеке сот орындаушысы 2019 жылғы 7 наурызда атқарушылық іс жүргізуді қозғау және борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығарған. Борышкерге шығуға шектеу қойылғанын 2019 жылғы 30 сәуірде ҚР мемлекеттік шекарасынан өту кезінде белгілі болды, ол туралы оған хабарлама табысталған. Борышкер Ресей Федерациясында тұрақты тұру есебіне 2019 жылғы 6 наурызда тіркелген, яғни, атқару өндірісін қозғаудан және Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салу туралы қаулысын шығарудан бұрын.

Қолданыстағы заңнамамның талаптарына сәйкес, атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушы құжат жеке тұлғаның - борышкердің тіркелген  жері бойынша не оның тұрақты тұратын жері бойынша не жұмыс орны бойынша, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген жері, не орналасқан  жері бойынша ұсынылады.

Алайда, анықталғандай атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бұрын да кейінде жеке сот орындаушысы борышкердің тұрғылықты жері және тіркелуі туралы анықтамаған, себебі қаулыда борышкер Ресей Федерациясының азаматы екендігі туралы мәлімделген. Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу материалдарында жеке сот орындаушысы борышкердің тұрғылықты жері бойынша шыққаны туралы актісі де жоқ.

Осылайша, сот орындаушысы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасынан шығуын заңсыз шектеп, борышкердің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірген.

Жеке ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Орал қаласының №2 соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.