Тілі өлген ел - Тірі өлген ел !

Тілі өлген ел - Тірі өлген ел !

Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады.Тілге құрмет – елге құрмет. Шындығында  қазақ халқы тілге шешен, астарлап сөйлеудің хас шебері екені тарихымыздан белгілі. Өткенсіз болашақ жоқ деген сөз тегін айтылмаса керек. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, жер мен жесір дауын алқалы жиындарда бір ауыз сөзбен шешкен билеріміз қанша ма? Қазақтың би - шешендері даулы мәселелерді шешіп, елдің, рудың қақтығысуынан аман алып қала білді. Бұл нені білдіреді? Бұл қазақ халқының сөзге тоқтай білгендігін. Бұл алдынғы толқын ағалардың сөз қадірін білгендігін дәлелдей түседі. Басқалай айту мүмкін емес.

Бұл тұрғыда ұлттық салт-дәстүрімізді ұстана жүріп, ана тіліміздің қадірі мен қасиетін жалықпай дәріптеу жолында еңбек етсек жақсы болар еді деген ойдамын.

 «Қазақтың тілі - қазақтың жаны!  Халқымыздың тарихы да, тағдыры да - тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де,  діні де - тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі - ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Қазіргі таңда өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидарымыз 90 - жылдарға қарағанда әлдеқайда «қазақша сайрап тұр» десек болады. Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің асқақтағаны, Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды - солды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі. Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Әлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады.Абайға дейін жыраулар, батырлар мен хандар, шешендер осы ана тіліміз арқылы дау шешіп, соғыстың бетін қайтарған. Абайдан кейінгі қазақ тілінің ерекше қолданысқа түсуі, оның қазақ поэзиясын халық ішіне идіріп әкелуі. Әрине Абайға дейін де поэзия болды. Бірақ ол зар заман жырлары мен дастандары. Ал Абай тілінде сұлулықпен біз айтқан ерекшелік үндесіп жатыр. Тілімізді шұбарландырып жақсы атанбаймыз. Мерзімді басылымдарда өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгергендері туралы көп жазылуда. Оқыған кезде олар үшін қуанамыз. Ал қазақ бола тұра, қазақ тілін білмейтіндерге осы бағытта жұмыстансақ ше? Құба-құп болар еді. Ешкімде біліп тумайды. Бастысы білсем, үйренсем деген ниет керек. Ниет болса, талпыныс пен жігер және қызығушылық туады. Шындығында ұлттың басты байлығы тіл.

Ана тілің-арың бұл, Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! - деп уақытында Қадыр Мырза Әлі ағамыз жырлаған. Бұл тұрғыда ақын Қадыр атамыздан асып айта алмаспыз. Дегенмен де ана тіліне деген жанашырлықтан әрі құрметтен осы мақаланы жазуыма тура келді. «Көш жүре бара түзеледі» деген байырғының қарттары. Ал қартын сыйлаған, салтын сыйлайды десек, өскен ортамызда және жүрген жеріміз бен еңбек еткен мекемемізде ана тілге деген құрметімізді білдіріп жүрейік дегім келеді.

 Бүгінгі  заманда   бірнеше  тілді меңгергеннің   артықшылығы жоқ. Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Дейтұрғанмен ,  ұлтымыздың  құнды  жәдігері  мемлекеттік   тілімізге  жанашыр  көзқарас  бар  жерде  тіліміздің  өркендеп,  өз  тұғырында  тұратынын  ұмытпауымыз  керек. Тіл мәселесі кезең – кезеңімен жүйелі шешіліп келеді. Тілге қатысты көп сөзден гөрі айқын да нақты істер керек. Қазақстанда тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалынып жатыр. Ендігінің бәрі өзімізге байланысты.Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Қаймақты тілді пайдаланбай, қаспақтың түбін қырғыштап жүргендерге айтарым: әркімнің ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек. Соны әрбір Қазақстан азаматының жүрегімен ұққаны жөн. Тіліміздің қадірін тек тіл мерекесінде ғана емес, күнделікті көтерейік.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің сот приставы

Т.Кафезов

 

 

 

 

                                                                                                                                                   

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

21 пікір

  1. аватар
    Mohamed 12 апреля 2024 06:59

    Woah! I'm really enjoying the template/theme of this site.
    It's simple, yet effective. A lot of times it's very difficult to get that "perfect balance" between usability and
    visual appeal. I must say you've done a awesome job
    with this. In addition, the blog loads super fast for me on Safari.
    Excellent Blog!

    Review my site - Tamera

  2. аватар
    Juli 10 октября 2024 09:45

    аяз ата ақшақар сценарий, жаңа
    жыл сценарий балабақша 2 3 жас поезд анапа санкт петербург 1391 жылы құндызша,
    әмір темір мен тоқтамыс арасындағы құндызша деген жерде болған шайқас
    уақыты: электрический котел для отопления дома, электрические котлы отопления 220 вольт цена

    Also visit my web blog :: бизнес менеджмент университет

  3. аватар
    Arnette 15 октября 2024 17:25

    антидепрессанты биосфера, антидепрессанты
    без рецепта рк қамшы түс жору, түс жору кітапшасы 1 бөлім контроль за кассовыми операциями это, правила 231 нацбанка рк жаз туралы эссе,
    менің сүйікті мезгілім жаз эссе

    My blog post; курс конвертации visa

  4. аватар
    Dustin 16 октября 2024 03:38

    два иностранных языка кем работать,
    два иностранных языка это ең биік сарқырамалар, ең ұзын сарқырама совместимость драйверов, диспетчер multipoint купить постельное белье астана, магазин постельного белья астана

    Also visit my web-site; биосфера және
    оның тұрақтылығы

  5. аватар
    Elke 23 октября 2024 13:28

    alempay. kz, alempay kz регистрация полезные ископаемые
    казахстана википедия, нерудные полезные ископаемые казахстана бақытты балалар суреттері алдын – ала дайындалған сұрақтар бойынша әңгiмелесу, сұрақ жауап әдісі
    деген не

    Here is my web site: бжб 9 сынып қазақ тілі 3 тоқсан

  6. аватар
    Valeria 31 октября 2024 12:25

    таро на отношения будущее расклад, расклад таро на отношения
    с мужчиной схемы парикмахерская магия тамбов на советской телефон какой будет 2025 по телец гороскоп знак чегоу
    к чему снится что вам дают деньги звезда небесная радость

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.