Сыбайлас жемқорлық – заман кеселі!
Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі - сыбайлас жемқорлықпен күресу болып отыр. Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазақстан - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қабылдаған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияға мүше болған алғашқы ТМД елдерінің бірі. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Жаңадан сайланған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін қадап айтты. Осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Еліміздің қазіргі стратегиялық құжаттарын қарастыратын болсақ, олардың ен негізгісі ұзақ мерзімді басымдықты көздейтін Қазақстан 2050 Стратегиясы.
Құжатта сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін қатер ретінде көрсетілген. Сол себепті 2014 жылдың 26 желтоқсанында еліміздің осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін, халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір- қасиетін құрметтеуге міндетті. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек.Ол үшін аталған дертке ат салысып, қарсы тұруымыз қажет.Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Тек қана осындай түсінік қоғамның алға басып, дамуына жол ашады.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің сот приставы Т.Кафезов
[xfvalue_img]