Кодексте  соттың белсенді рөлі айқындалды.

Кодексте соттың белсенді рөлі айқындалды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне (әрі қарай-ӘРПК) жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру міндеті қойылған. Әкімшілік сот ісін жүргізудің мақсаты әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.

         Кодексте мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртіптері қарастырылған.

         Әкімшілік рәсімдердің міндеттері-жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру;жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу; тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, азаматтардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету; жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.

         Кодекс құрылымы бойынша екі бөлікке бөлінеді: бірі-рәсімдік бөлігі, екіншісі-сот ісін жүргізу бөлігі. Рәсімдік бөлік мемлекеттік органдардың рәсімдерін, соның ішінде мемлекеттік органның өкілеттіктері мен әкімшілік актінің қабылдануы мен шағымдалуы тәртібін айқындаса, сот ісін жүргізу бөлігінде талап қою түрлері, істерді қарау тәртібі, сот шешімі, сот бақылауы секілді іс жүргізу тәртібі бекітілген.

         Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу ӘРПК-нің 2-тарауында баяндалған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Аталған тарауда белгіленген әкімшілік рәсімдердің қағидаттары түпкілікті болып табылмайды және құқықтың басқа да қағидаттарын қолдануға кедергі болмайды. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттары, егер ӘРПК-нде көрсетілген қағидаттарға қайшы келмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде қолданылады.

         Әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттарын елеулі түрде бұзу  әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күшін жоюға негіз болады.

         Сотта әкімшілік іс талап қою негізінде қозғалады. Талап қою  дау айту, мәжбүрлеу, әрекетті жасау, тану туралы  болып  бөлінген.

         Кодекс талабына сәйкес дау айту жөніндегі талап қою бойынша дәлелдеу ауыртпалығы талап қоюшыға емес, ауыртпалық түсіретін актіні қабылдаған органға, яғни жауапкерге жүктеледі.

         Сонымен бірге, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 16-бабына сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады.

         Сот  әкімшілік процеске қатысушылардың  ұсынған  дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қалмайды. Әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеуге құқылы, сөйтіп  судьяға жаңа өкілеттіктер мен құқықтар берілген. Өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша сот қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинай алады және  сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

          Қазіргі уақытта  мемлекеттік органдарға дәлелдеу міндетін жүктеп, сотқа процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін ақшалай өндіріп алуды қолдану құқығы берілген.

         Сонымен бірге басқа заңнамалардағы сияқты тараптар әкімшілік процестің барлық сатысында сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады. Судья тараптардың татуласуы үшін қажетті шаралар қабылдай алады, ал тараптар дауды татуласу, медиация не партисипативтік жолмен шешуге келіссе, онда келісім жазбаша түрде жасалады.

         Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім бойынша келісім не оның шарттары заңға қайшы келген жағдайда, сот оны бекітпей тастайды. Сондай-ақ, адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын келісімдерге де жол берілмейді.

         Мемлекеттік құрылымдар мен қарапайым азаматтардың теңдей мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз етіп, дауласуда соттың бейтарап, тәуелсіз  әділ шешім қабылдауы халықтың сотқа деген сенімін арттыруға септігін тигізетіні айқын.

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық сотының төрағасы:

Б.Е.Баймуханова

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

14 пікір

  1. аватар
    Cary 22 сентября 2024 20:13

    менің отбасым сурет салу балабақшада, раскраска менің алматыға саяхатым эссе отбасым
    мектепке келу кезеңіндегі өзгеру деңгейі,
    мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
    әдістемесі торт туралы өлең, төрт түлік туралы өлеңдер фольксваген поло автомир караганда, фольксваген автомир

  2. аватар
    Juliana 24 сентября 2024 07:32

    нурболат абдуллин - миллион скачать бесплатно mp3, нурболат абдуллин сезінуші скачать
    дыбыстық сөздік образдық құрылым, шығарма
    идеясының өмір шындығымен байланысына талдау казак терме mp3 скачать, арак туралы терме скачать серіппелі маятниктің тербеліс
    периоды формула, серіппелі маятниктің
    тербеліс жиілігі

    Here is my site тұңғыш ұлттық қазақ театры қашан ашылды

  3. аватар
    Jake 4 октября 2024 23:33

    где можно посидеть на крыше в алматы,
    the monkey алматы ннмц абылай хана, 42
    контакты, национальный научный медицинский центр астана врачи золотой базар алматы каталог цены, золотой базар алматы отзывы жел строи банк, отбасы банк ипотека

    Feel free to surf to my blog - фармацевт обучение шымкент

  4. аватар
    Samara 6 октября 2024 21:42

    10 желтоқсан какой праздник, 1993 жылы 28 қазан қандай күн ахан
    отыншиев песни 2021 скачать, ахан отыншиев скачать песни на русском языке жылқының буаздық мерзімі, сиыр қашыру көз функциясының қайсысы, дифференциалдық теңдеулер
    кітап

    My homepage :: спорт тәрбие сағаты

  5. аватар
    Kandi 16 октября 2024 01:31

    капитальный ремонт дома, взносы на капитальный ремонт казахстан соннкаргу кафедра экономики и международного бизнесак
    товарный поезд, сонник ехать в поезде с дочкой шевроле трекер 2022 цена, шевроле трекер цена договор подряда рк статья, договор аренды гк рк

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.