Алаяқтық қылмысы алаңдатып тұр

Алаяқтық қылмысы алаңдатып тұр

Соңғы кездері адамдар арасында алаяқтық асқынып барады. Халқымыз қашанда «Адалдықтың ала жібін аттама» дегенді жас ұрпақтың құлағына құйып өсірді. Бұл адамгершілік тәрбиенің бір көрінісі ретінде бағаланды.

Өкініштісі, қазір сол асыл қасиет ортамыздан жоғалып бара жатқан секілді. Қашанда жалғандық адамды жарға жығып жатады.

Өтірікпен өрге баса алмайтының анық. Қазір ел арасында алаяқ деген сөз жиі айтылады. Біреудің мүлкіне қол соғып, оны алдап алу жолымен иемденіп кету күнделікті көрініске айналып барады.

Бұған байланысты қылмыстар сот органдарында жиі сарапталып, соған орай тиісті шешімдер қабылданып жатады. 

Бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену арқылы талай адамды осындай қиындыққа душар етті.

Бұл жөнінде Қылмыстық кодексінің 190-бабында алаяқтық 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Соған сәйкес мүлікті тәркілеу, өмір бойы құқығынан немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысуына шектеу қойылады.

Әдетте, соттың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінәлі адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы жағдайына назар аударады. Қоғамға қауіпті кеселге айналған аталған жат қылық алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалады.

Олардың ықпалымен меншік немесе мүліктің өзге иесі мүлікті немесе оған құқықты басқа адамдарға өз еркімен береді.

Осыған қатысты қылмыстық істерді саралап көрсек, көп түйткілді мәселеге көз жеткізуге болады. Алдау бөтен мүлікті жымқыру немесе бөтен мүлікке құқықты иемдену мақсатында жүзеге асады. Бұл алаяқтық жасау тәсілі болып табылады. 

Алаяқтық кезінде алдау ауызша, сонымен қатар жазбаша нысанда болуы мүмкін. Жымқыру кезінде жалған құжаттарды пайдалану алдау нысандарының бірі болып табылады. Басқа адам әзірлеген жалған ресми құжатты пайдалана отырып жасалған жымқыру алаяқтық құрамымен толық қамтылады.

Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.

Егер адам құқық беретін немесе міндеттерден босататын жалған ресми құжатты қолдан жасау жолымен аляқтық жасаса, жасалған әрекетті ҚК-нің 385-бабының бірінші бөлігінде және ҚК-нің 190-бабының тиісті бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралаған жөн.

Сондай-ақ, қазіргі технология дамыған кезеңде алаяқтық жағдайы күрделене түсті. Интернет пен цифрлы технологияны пайдалана отырып, өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асыратын адамдар бар. Бұл оған қатысты қылмыс түрлерін түебегейлі өзгертті. 

Рас, интернет пен цифрлы технологиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірі­мізде цифрлы технологиялар маңызды рөл атқарады. Бүгінде жаһандық желі игілігін пайдалана отырып, виртуалды қызметтер мен өнімдерге қол жеткізуге мүмкіндік алған едік. Нәтижесінде кейбір тауарлар түріне сол арқылы тапсырыс беруге қолайлы жағдай туды. Дегенмен соңғы 10 жылдың көлемінде интернет көзі арқылы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық түрінде айқын көріне бастады.

Бас прокуратура интернет-алаяқтыққа байланысты ел тұрғындарына үндеу жариялаған болатын. Жат әдеттің көбейіп бара жатқанын айтып, қазақстандықтарға ескерту жасады.

Ведомство мәліметінше, статистика бойынша, кейінгі 5 жылда елімізде интернет-алаяқтық дерегі 10 есе өскен, Ол 2017 жылы 2 мыңды құраса ол 2021 жылы 21 мыңға дейін жеткен. Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары.

Сонымен қатар, қылмыскерлер онлайн - қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады.

Алаяқтар көбіне құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды.

Сонымен қатар, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге заңсыз онлайн несиелер бойынша ақпарат алмасу туралы Меморандум жасалған. Бұл интернет алаяқтарына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызды бөлігі. Қазірдің өзінде алдын алу шаралары оң нәтиже берген.

Жалпы айтқанда, интернет алаяқтықтың көбейіп кетуіне себепкер болып жүрген жағдайлар аз емес. Елімізде интернеттегі түрлі хабарландырулар бойынша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем алу кеңінен етек жайып барады.

Кейбір тұрғындардың сеніміне кіре отырып, олардан қомақты қаржыны алаяқтық жолмен алуға тырысады.

Жалпы интернет алаяқтық жағдайының  жартысы дәл осындай жолмен жасалғанын назарға алуымыз қажет.

Сондай-ақ, микрокредиттік ұйымдардың сайттары арқылы онлайн қарыз рәсімдеу жағдайы кездеседі. Еліміздің ішкі істер министрлігі мәліметі бойынша қарағанда, жыл басынан бері осы тәсілді қолдану арқылы алаяқтар 3 мыңға жуық қылмыс жасаған.

Қазіргі таңда қаржы пирамидалары өзін жоғары табысты инвестициялар саласындағы табысты ұйымдар ретінде көрсетеді.

Өздерін жарнамалау мәселесіне ерекше назар аударады. Бұл бағытты «инновациялық жоба», «жоғары табысты бизнес», «табысқа кепілдік береміз» деген жалған уәделерді үйіп-төгеді.

Осы мақсатта заңды микроқаржылық ұйымдар, букмекерлік кеңселер, тұтыну кооперативтерін пайдалануға тырысады.

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар әлеуметтік желі беттерінде қарқынды әрекет жасайды.

Белсенді жұмыс жүргізіп, онлайн-табыс немесе жоғары табысты онлайн-жобаны ұсынады, танымал мессенджерлерде чаттар құрып, қатысушыларды түрлі ұтыс ойындарымен, сауалнамалармен және басқа да маркетингтік амалдармен тартады.

Нұржан Мелдебаев 

Нұр-Сұлтан қаласы

Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьясы                                             

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

12 пікір

  1. аватар
    Rachel 15 сентября 2024 13:31

    токсикоз неге болады, таксикозды басатын витаминдер как открыть
    каспи ред после закрытия, как открыть каспи ред онлайн духовные ценности список, духовные ценности сочинение красивый салават пророку, самые ценные салаваты

    my website - инженерлік графика және кәсіби
    білім проблемалары

  2. аватар
    Angeles 16 сентября 2024 06:32

    шашты қалай қалыңдатуға
    болады, шашты қалай тірілтуге болады временные тату наклейки, временное тату астана лагерь орленок караганда, орленок лагерь тариф беседа актив как
    подключить, актив тарифы 1000 тенге как подключить

    Feel free to visit my web site; декреттен кейін жұмысқа шығу бұйрық

  3. аватар
    Toby 13 октября 2024 11:27

    гемини зодиак белгісімен кім дос, антика әдебиетінің
    тарихи маңызы дифтерия қоздырғыш жұғу жолдары, дифтерия алдын алу ескі өлеңдер, қазақтың ескі әндері медициналық кітаптар тізімі,
    акушерия және гинекология кітап скачать

    My site ... кредит амнистия в 2021 году

  4. аватар
    Gaston 27 октября 2024 16:07

    шымкент - астана автобус спальный номер телефона, 086 поезд расписание шымкент - астана түсіңде құлақ
    көрсең, түс жору кітапшасы куаныш
    волейбол женщины состав 2022, женский волейбол петропавловск епсіз икемсіз адамға
    теңейтін түлік, басы жоқ табақты қонаққа тарту

    Here is my homepage қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.