Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС судьясы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының тыңдаушыларына дәріс оқыды
2022 жылдың 20 сәуірінде Елордалық әкімшілік сотының оқу орталығының үйлестіруші-судьясы Айбек Амангелдин 1 жылдан 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы аясында «Әкімшілік сот ісін жүргізудегі новеллалар» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында судья әкімшілік іс жүргізу кодексінің негізгі қағидаларын, әкімшілік сот ісін жүргізудің ерекшеліктерін, оның азаматтық құқықтан түбегейлі айырмашылықтарын түсіндірді.
Сондай-ақ, әкімшілік сот өндірісі іс жүзінде принципті іске асыру нәтижелерін түсіндіре отырып, соттың белсенді рөлі қағидаты негізінде жүзеге асырылатынын атап өтті.
Іс-шара соңында тыңдаушылар барлық қойылған сұрақтарға жауап алып, судьяға мазмұнды дәрісі үшін алғыстарын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, әкімшілік Әділет-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғауға кепілдік беретін құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі.
[xfvalue_img]