Жаңа заң - Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің Азаматтық процестік кодекстен айырмашылығы

Жаңа заң - Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің Азаматтық процестік кодекстен айырмашылығы

 

Әкімшілік әділет институтын құру идеясын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында көтерген болатын. Соған байланысты жаңа заң - Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі (бұдан әрі - ӘРПК) қабылданды, ол 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді. Осылайша елімізде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың жұмыс істегеніне міне бес айдан асты.

Сот төрелігінің бір жүйесі ретінде әкімшілік әділет институтының жалпы мақсаты, билік органдарымен дауда ең әлсіз тарапты қорғауға бағытталған.

Бұл ӘРПК-ны қабылдағанда Қазақстандық заң шығарушылар Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйенген. Мысалы, Германияның сот жүйесі әлемдегі ең сәтті тәжірибе деп саналады. Сонымен бірге, әкімшілік әділет (юстиция) көптеген ТМД елдерінде - Грузияда 1999 жылы, Молдовада 2000 жылы, Украинада 2005 жылы, Әзірбайжанда 2009 жылы, Ресей және Қырғыстан 2015 жылы қабылданып, бұл кодекстің заң жүзінде орындалуына барлық жағдай жасалған.

Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл жаңа институт: Әкімшілік әмірге емес, әділетке жүгінетін кодекс. Себебі жария-құқықтық даулар жыл сайын артпаса, кеміген жоқ. Десек те, даулардың дені әкімшілік органдардың пайдасына шешіліп жататыны ол ащщы шындық. Бұл – заңды құбылыс болатын.

Өйткені бұған дейін осы дауларды реттейтін Азаматтық процестік кодексте сот екі тарапқа тең қарайтын. Кімнің дәлелі анық әрі көп болса, сот соның сөзін сөйлеп, шешім шығаратын. Ал жаңа кодекс азаматтар мен заңды тұлғалардың өзіне қатысты әкімшілік құзыретке ие органдарға, билікке қарсы талаптарын қарауды реттейді. Сот мейлінше әлсіз топтың жағында болып, белсенділік танытады.

Әкімшілік әділет «Халыққа құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асқан, бұл кодекстің бағыты мен бағдары бөлек. Таразының бір жағында мемлекеттік орган болса, екіншісінде – жеке және заңды тұлғалар тұр. Жаңа ӘРПК бойынша сот талап қоюшыдан емес, барлық қажетті құжаттарды мемлекеттік органдардан сұрату мүмкіндігіне ие болды, дәлелдемелерді жинауға бастама көтереді.

Кодекстегі тағы бір жаңалық, ол тараптар істі әкімшілік процестің барлық кезеңдерінде татуласу немесе медиация туралы келісім жасасу арқылы істі толық немесе ішінара аяқтай алады. Мысалы: Әкімшілік орган (мемлекеттік орган, "Атамекен" одағы, нотариустер, адвокаттар қауымдастығы, т.б.) өз шешімінің дұрыс еместігіне көз жеткізсе, өзара кеңесіп, сот шешімін күтпей, талапкермен татуласуы мүмкін.

Азаматтық процестік кодексте судья процесте белсенді болмайтын. Себебі активті болуы мен бейтараптылыққа заңмен тыйым салынған.

Қазіргі уақытта елімізде билік пен азаматтардың арасындағы дауларды қарайтын республикада 21 жаңа әкімшілік соттар құрылған. Олардың 17-сі - облыс орталықтарында және 4-еуі - Қаскелең, Семей, Жезқазған, Екібастұз қалаларында.

ӘРПК бойынша даулар мүлдем басқа қағидаттармен қаралады. Мұнда тараптар тең емес. Сот арыз иелеріне барынша көмектеседі. Судьяның заңгерлік кеңесіне сүйеніп, арыз иесі талабын өзгерте алады. Сот дәлелді жеткіліксіз деп таныса, қосымша деректер сұратады. Шешім шығарғанға дейін судья өзінің құқықтық пікірін алдын ала айта алады. Сөйтіп, тараптар істің өрбу барысын болжай алады.

Мұнда әкімдіктің шешімі заңды ма, заңсыз екенін енді талап қоюшы дәлелдемейді. Шешімді қабылдаған әкімдік шешімнің заңдылығын, негізділігін дәлелдеуі тиіс.

Сот процестің барлық сатысында формальді қателерді жоюға, түсініксіз сөздерді нақтылауға жәрдем көрсетуге міндетті. Егер әкімшілік процеске қатысушылар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, сот оларды өз бастамасы бойынша жинайды. Мұның тиімділігі өте жоғары. Дауды созбалаңдыққа салмай, жылдам қарап аяқтауға септігін тигізеді. Қорыта келе, жаңа заңнама билік пен бағыныстылықтың арасындағы теңсіздікті жояды, билік органдарымен дау-дамайда әлсіз тарапты қорғайды. Қарапайым тұрғыннан бастап, бизнес өкілдері, инвесторлардың құқы қорғалады. Билік органдары тек жауапкер ретінде тартылады.

Әрине тағы бір маңызды жаңалықтардың бірі ол - АҚШАЛАЙ ӨНДІРІП АЛУ:

Сот процесіне қатысушылар тәртіпті бұзып, сот талабын орындамаса, судья оларға бірнеше шара қолданады;

*ескерту; *сот залынан шығару; *ақшалай айыппұл салу.

Әкімшілік әділет - ең ірі реформалардың бірі. Әр шешім, жасаған әр қадам жұртқа түсінікті болуы тиіс. Әкімшілік әділетті енгізген елдерде барлық салада оң өзгерістер болған. Бизнес-климат жақсарып, инвесторлар келе бастаған. Адамдардың әл-ауқаты артқан. Мемлекеттік машина таптап өтті дейтін тіркес «әлсіреп», әділ шешімдер артады, «ешнәрсе өзгермейді» дейтіндердің үмітін жағатын өзгерістер қазір болып жатыр деп мен сенімді түрде айта аламын.

Жаңа заң бойынша әлі күнге дейін халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы 

Оралхан Тұрсынов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.