Дау тараптарды татуластыру жолымен шешілді
2021 жылғы 15 желтоқсанда «А» талапкері «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін ұлттық тізілімнен алып тастау бөлігінде бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы талап арызбен жүгінді.
Татуластыру рәсімі барысында судья татуласу туралы келісім жасасу арқылы дауды аяқтау мүмкіндігін түсіндірді, алдын ала пікір білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол қойды.
Келісімнің шарттары бойынша жауапкер келісімге қол қойылған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін ұлттық тізілімнен шығару туралы мәліметтермен толықтыру арқылы бұйрыққа қағаз жеткізгіште өзгерістер енгізуге міндеттенеді.
Осылайша, талапкердің талаптары ұзақ сот ісін жүргізбестен қанағаттандырылады, құқықтары қалпына келтіріледі.
Келісім жасасу-кез-келген жанжалды шешудің ең өркениетті тәсілі.
2021 жылғы 29 желтоқсанда сот татуласу туралы келісімді бекітті.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.
Айсұлу Құранбек
Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының судьясы
[xfvalue_img]