ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢНАМАСЫ, ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЗАҢНАМАСЫ, ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕРІ

 

Бұрынғы еңбекпен түзету заңнамасында, тек қана еңбекпен түзету шаралары арқылы ған жаза тағайындалды, атап айтқанда (еңбек, саяси-тәрбие жұмыстары, жалпы білім беру және кәсіптік –техникалық оқыту), ҚР ҚАЗ-ң мағынасына жазалаудың барлық түрлері енеді, сонымен қатар қылмыстық-құқықтық шаралар жатады, атап айтсақ тәрбиелік ықпалы бар амалсыз шаралар, оларды жасөспірімдерге қолданады; амалсыздан қолданылатын медициналық сипаттағы шаралар және шартты түрде бас бостандығынан айырылғандардың тәртібіне бақылау жүргізу.

 ҚР ҚАЗ-сы сонымен қатар арнайы жаза тағайындай алады, атап айтқанда өлім жазасына кесу, осындай жаза кесілгенде оны жабық түрде нормативті құқықтық актілер мекемесінің жасаған қорытындысымен орындаған. Дегенмен өлім жазасының орындалуы туралы норманы табу ҚР ҚАЗ-да толығымен заңға сәйкес келеді, осылайша әртүрлі әскери шиеленіс кезінде халықаралық нормалар бұндай мүмкіндікті қолданбайды; бұндай жағдайда жоғарыда айтылған өкімнің орындалуына жаңа құқықтық тәртіпті белгілеу қарастырылған.

Қылмыстық заңнаманы қылмыстық-құқықтық сипатта шара ретінде тәрбиелік ықпалы бар амалсыз шараны қарастырады, оны кәмелет жасына толмаған құқық бұзушыларға қолданады, медициналық сипаттағы амалсыз шаралар жазасын шартты түрде өтеушілерге қолданылады.

Қылмыстық-атқару заңнамасы өзінің құқықтық реттеу міндетіне тек қана шартты жаза тағайындау мен медициналық сипаттағы амалсыз шараларды енгізді. ҚР Қылмыстық кодексінде тәрбиелік ықпалы бар амалсыз шаралар жеткілікті түрде қолданылу барысында және негізгі сипаты жағынан , орындалуы жағынан толығымен дерлік реттелген, сондықтан оны қылмыстық-атқару заңнамасында қайталаудың мәні жоқ.

Қылмыстық-атқару заңнамасы заң жүзінде әртүрлі нормативті құқықтық актілер жүйесін құрайды, ҚР Президентінің жарлығын құрайды, ҚР Үкіметінің қаулысын, атқарушы билік органдарының нормативтік құқықтық актілерін құрайды (ҚР әділет Министрлігі, ҚР ішкі істер Министрлігі). Дегенмен осы нормативтік құқықтық актілердің құрамындағы жағдайлардың барлығы қылмыстық-атқару құқығының нормаларына ене бермейді.

Қылмыстық-атқару заңнамасы өзінің мазмұны бойынша кең мағынада немесе тар мағынада қарастырылуы мүмкін. Тар мағынада ол тек заңмен көрсетілген, ал кең мағынада оны барлық нормативтік құқықтық актілердің жүйесінде қарастыру көрсетілген.

Заң шеңберінде қылмыстық-атқарудың құқықтық қатынасын құқықтық реттеу принципі оның артықшылығы болып саналады, бірақ нақты өмірде оған қол жеткізу мүмкін емес.

Қазіргі таңда ҚАЗ-ң қызметі ондаған заңмен және бірнеше мың нормативтік құқықтық актілермен реттелген. Осындай нормативтік құқықтық актілер өзгеріп отыратын жағдайларға сәйкес ҚР әділет Министрлігіне енгізуде

ҚР ҚАЗ байланысты жүргізілуде. Оның өзінің алға қойған қылмыстық-атқару заңнамасы мен құқықтарының арнайы мақсаттары мен міндіттері бар. ҚР ҚАЗ-ң 2 бабында сотталушыларды түзету мақсаттары туралы және өзге адамдарға сотталушылар сияқты жаңа қылмысқа бармауы үшін ескертулержасау туралы айтылған.

ҚР ҚК жазалаудың мақсаты ретінде ең алдымен әлеуметтік әділеттілікті қайта қалпына келтіруді атайды, тек содан кеін барып сотталушыларды түзету мен басқа адамдардың сотталушылар сияқты жаңа қылмысқа бармауы үшін оларға ескертулер жасау туралы айтады. Бұл дегеніміз, қылмыстық-атқарушы заңнама әлеуметтік әділеттілікті қайта қалпына келтіру мақсатын елемейтіндігін және бұның өзіне тиісті емес екенін білдіреді.

Қылмыстық заңнама «әлеуметтік әділеттілікті қайта қалпына келтіру» деген түсінікті ашпайды, ол бағалау сипатын білдіреді, және оның мазмұны басқа түсініктер арқылы айқындалады (қылмыскеден шығынды өндіру, кінәлі деп танылған адамға мемлекект тарапынан жауап ретінде ықпал ету, соынмен қатар қоғамдық өзін өзі тану), сонымен қатар әділеттілік принципі арқылы анықталады.

Әлеуметтік әділеттілікті қайта қалпына келтіру мақсаты осылайша көбінесе жазаны тағайындағанда оны кейінге қалдырумен немесе шартты жаз тағайындаумен аяқталады, яғни атап айтқанда бұндай жазаның түріне мысал келтіретін болсақ, аяғы ауыр әйелдерге қатысты немесе кішкентай баласы бар әйелдерге қатысы бар.

Дәл осы құқық қолдану процесінің кезеңінде жазалау түрін таңдау туралы сөз болуда, оның өлшемі немесе адамгершілік актісі қолданылады, (кейінге қалдыру кезінде бұл қандай орын алады), әлеуметтік әділеттілік түсінігінің мағынасын ашады.

Жазалаудың орындалу кезеңінде бұл мақсат қылмыстық-атқару заңнамасында адамгершілік принципін, сотталушылардың заң алдындағы теңдігі принципін, сотталушыларды түзету мен амалсыз қолданылатын шаралар принциптерін жүзеге асырумен түсіндіріледі.

Дәл осындай принциптерді жүйелі түрде жүзеге асыру қылмыстық-атқару заңнамасында және тәжірибеде оны қолдану әлеуметтік әділеттілікті қайта қалпына келтіру мақсатын іс жүзінде осындай жанама жолдармен қамтамасыз етеді. Оны жүзеге асыру қылмыстық жазаның тиімді орындалуымен байланысты және қылмыстық- құқықтық сипатта шаралар қолданады.

Қылмыстық-атқару заңнамасын нақты мақсатта қолдануды келесілер қолдайды, сотталушыларды түзету және жек тұлғалардың осы сотталушылар сияқты жаңа қылмысқа бармауы үшін оларға ескертулер жасау. Сотталушыларды түзету дегеніміз - бұл қылмыстық жазасын өтеу туралы заңның негізгі бөлігі (өлім жазасына кесуден басқасы). Ол халықаралық стандарттың талаптарына сай сотталғандарға деген қарым- қатынасты білдіреді және ол қылмыстық-құқықтық сипаттағы жазалау мен қылмыстық жаза шараларын жүзеге асыратын мекемелер мен органдардың тікелей міндеті болып саналады.

Сотталушылар мен өзге де адамдар тарапынан қылмыстың алдын алу мақсатына ҚР ҚАЗ аса көңіл бөлуде, сонымен қатар басқа да заңдар мен нормативті құқықтық актілер де көңіл бөлуде.

 ҚР ҚАЗ-да сотталушыларды түзету мен қайта тәрбиелеу жайынжа емес, сотталушыларды түзету мақсаттары жайында айтылған, бұрынғы күшіне мініп тұрған заңнамаларда да осылай айтылған болатын.

Осының салдары тәжірибеге де өз әсерін тигізбей қоймады, сотталушылардың қай бірін түзетіп қайсы бірін қайта тәрбиелеу керек деген қарама-қайшылықтар орын алды. Соңғы кездері түзету педагогикасында мынадай жағдай бекітілді: қайта тәрбиелеу дегеніміз - бұл сотталушының жазасын өтеп отырған кезіндегі қзін өзі тәрбиелеу процесі, ал түзету дегеніміз осы процестің нәтижесі болып саналады. Сотталушыларды түзету дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін, дегенмен де қазіргі заңнамалардан «түзету жолында тұр», «түзету жолында нық тұр», «өзінің түзелетінін дәлелдеді» деген түсініктер алынып тасталған.

Олардың орнына ҚР ҚАЗ аса бағалау түсінігін енгізді, атап айтар болсақ, «егер сот арқылы сотталушы жазасын өтеп жатқан уақытта ол өзінің түзетілуіне қажетілік танытқанын мойындаса» осыдан кейін сотталушының мерзімінен босп шығуына мүмкіндік туады.Дегенмен сотта нақты материалдардың негізінде жаза тағайындалуы тиіс, ол орган әкімшілігі және жаза тағайындайтын мекемелер, осылар сотталушыны түзету туралы куәгер болады.

ҚР ҚАЗ әртүрлі түсініктерді қолданады: «тәртібі жақсы», «еңбек пен оқуға адал көзқарас», «тәрбиелік іс шараларға және өнерпаздық ұйымдардың жұмысына белсене қатысу», сонымен қатар «бас бостандығынан айыру жасасын өтеуге арналған тәртіпті қасақана бұзу» және «жазаны өтеуге тағайындалған тәртіпті қасақана бұзу».Қылмыстың алдын алу мақсаты екі бағытта жүзеге асады.

Біріншіден, жазасын өтеп жатқан кезде сотталушы тарапынан қылмыс жасамау. Бұл жерде толығымен арнайы іс шаралар жүйесі қолданылады. Әсіресе олар осындай жазалау түрін орндаған кезде әр түрлі болады, атап тұтқындау, түзету әскери бөліміне жіберу, бас бостандығынан айыру (қарулы күзет, бақылаушы, тінту, тексеру).

 Қылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де жаза түрлерін орындау кезінде басқа да алын алу шаралары қоданылады, кейбір жағдайларда арнайы жабдықтар мен әдістерді қолдануға мүлдем қатысы жоқ шаралар қолданылады.

 Екіншіден, басқа адамдармен және бұрынғы сотталушылармен қылмысты болдырмаудың алдын алу. Бұрынғы сотталушыларға әлеуметтік сауықтыру шаралары қолданылады, атап айтқанда, олардың тағы да жаңа қылмысқа бармауы үшін оларды бақылауға алуға арналған бағыттарды қолдану.

Басқа адамдардың қылмысқа бармауы үшін оның алдын алуға (жалпы ескертулер жасау) арналған ғылыми нұсқамалар осы жағдайлар үшін өкінішке орай жоқтың қасы. Қоғамдағы пікірлерге құлақ салар болсақ, қатал болған сайын жақсы болады.

Дегенмен көп ғасырлық тәжірибеге сүйенер болсақ, олай болмайтыны дәлелденген, алайда бүгінде көптеген азаматтар солай деп санайды. Алға қойылған мақсаттар Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасының алға қойған нақты мәселелерін шешу арқылы жүзеге асады. Оларға жататындар: жазаны өтеу мен шартты өтеу, тәртіпті ретке келтіру; сотталушыларды түзету құралдарын анықтау, олардың құқығын қорғау, еркіндігі ме заңды қызығушылықтарын қорғау; әлеуметтік бейімделуде сотталушыларға көиек қолын созу.

Бұл мәселелер үлкен жоспарлар. Жеке міндеттер ҚР ҚАЗ нормаларымен қалыптастырылған, ол жеке құқықтық институттар мен нақты құқықтық қатынасты реттейді, мысалы, түзету мекемелеріндегі режим, сотталушымен тәрбие жұмысын жүргізу.

Осындай мәселелерді шешу әлеуметті-экономикалық негізбен қамтамасыз етіледі, мемлекеттің барлық құқықтық механизмімен, нақты құқы қорғау қызметімен және өзге де мемлекеттік органдардың қызметімен қамтаасыз етіледі, жаза тағайындайтын мекемелер мен органдар арқылы қамтамасыз етіледі, сонымен қатар қоғамдық қалыптасу, еңбек ұжымдары мен жеке азаматтар тарапынан қамтамасыз етіледі. Көрсетілген мәселелерді шешу көбінесе тек қана жаза тағайындайтын құқық қорғау органдарының күшімен шешіледі, осылайша олар талап етіп отырған кешенді шешім мүмкін емес.

Қылмыстық-атқару заңнамасы, өзіндік құқық саласы болып саналады, ол келесі принциптерге негізделген: заңдылық, адамгершілік, демократизм, сотталушылардың заң алдындағы теңдігі, жазалауды жеке тағайындау, амалсыз шаралар қолдану, сотталушыларды түзету құралдары, олардың заң алдындағы тәртібін қалыптастыру, түзету әрекеттерімен жазаны байланыстыру.

ҚР ҚАЗ Қылмыстық кодексі жоғарыда көрсетілген принциптердің мазмұнын ашпайды, сондықтан ғылыми талдаудан алынған заңдағы терминдерді қолданып әрқайсысының мәнін анықтауға болады, Кодекстің жеке нормаларының бағыты мен сипатын, сонымен қатар оның көп жылдық тәжірибедеқолдaнылуын анықтауға болады.

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының жетекші маманы Ислам А.М

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.