Сот мәмілені жарамсыз деп таныды

Сот мәмілені жарамсыз деп таныды

 

«Байқоңыр» ауданының сотына азаматша К. мәмілені жарамсыз деп тану туралы, ақша сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінді.

Талап қоюшы К. қолхатпен жауапкер П-дан бизнес және клиенттік базаны 118,5 мың АҚШ долларына сатып алды.

«Байқоңыр» ауданы сотының шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Тараптар арасында қолхат түрінде жасалған бизнесті және клиенттік базаны сатып алу-сату мәмілесі жарамсыз деп танылды. Тараптар бастапқы қалпына келтірілді. П-дан К-ның пайдасына тараптар бастапқы қалпына келтірілгендіктен ішінара 45 214 860 теңге мөлшерінде ақшалай сома өндіріп алынды.

Сот жауапкердің талап қоюшыға қолхат нысанында іске асырылатын бизнес пен клиенттік базаның құқықтық тәртіп негіздеріне сәйкес келмейтінін біле тұрып, ақшалай қаражат алып, дауланған шарт жасасты, ал оның өзінің «жұмыс істеп тұрған» жалға алынған орнын (үшінші тұлға меншік иесі болып табылатын), сондай-ақ өзінің «клиенттік базасын» сату бойынша мәміле жасауға құқығы жоқ деп есептеді. Сондай-ақ бизнес және клиенттік база өзінің заңды тұрғысы бойынша мәміленің мәні бола алмады.

Бұдан басқа, қолхаттың мазмұнына сүйене отырып, тараптар арасында сатып алу - сату бойынша мәміле жасалды, алайда АК - нің 406-бабына сәйкес жауапкер қандай да бір мүлікті (тауарды) талапкерге меншікке, шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға беру туралы дәлелдемелер ұсынбады.

Көрсетілген сот шешіміне апелляциялық тәртіппен шағым жасалды.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.