Сот жалған құжатты пайдалану фактісін анықтады
Даулардың саны артып келеді, азаматтар өз құқықтарын, мүдделерін қорғау үшін әрқашан сотқа жүгінеді және бұл үшін барлық азаматтық-құқықтық тетіктерді пайдаланады.
Азаматтар өз мүдделерін қорғау үшін заңның шегінен шығып, олардың «жалған» іс-әрекеттеріне сот назар аудармайды деген үмітпен, кез келген әдіспен жеңуге тырысады.
Осылайша, Федоров аудандық сотына азаматша А. Азамат Б-дан 2017 жылдан бастап алимент бойынша берешекті өндіру туралы талап арызбен жүгінді.
Олар бейресми некеде болған және екі кәмелетке толмаған балалары бар бола тұра, жауапкердің алимент төлемегені анықталды.
Алимент бойынша берешекті растау үшін тараптар сотқа 2018 жылғы 8 қыркүйекте Ресей Федерациясының аумағында нотариалды куәландырылған арызды табыстады. Онда Б. ай сайын өз еркімен әр балаға 15 000 ресей рублімен А-ға алимент төлеуге міндеттелген.
Бұл арызды сот жалған құжат деп таныды.
2021 жылдың 14 қыркүйегінде Қостанай қалалық соты жауапкерден талапкердің пайдасына балаларын күтіп-бағуға белгіленген мөлшерде алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығарды.
Сот арызды жалған деп танығанын ескере отырып, талапкердің 2017 жылдан бастап алимент өндіру туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша тиісті шара қолдану үшін Федоров ауданы прокурорына жеткізілді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
[xfvalue_img]