Сот «Ш» ЖШС-ны Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Әскери бөлім «Ш» ЖШС-ға «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 9-бабында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы жалған мәліметтер ұсыну негіздері бойынша Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюмен жүгінді.
2021 жылғы 18 тамыздағы сот шешімімен талап қою қанағаттандырылды.
Сотпен «Ш» ЖШС мен «М» ЖК арасындағы орындалған жұмыстар актілері, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтеріне сәйкес, кешірек мерзімде шығарылған құқықтық актімен белгіленген нысан бойынша жасалғанын анықтады, 2011-2020 жылдардағы «Ш» ЖШС мен «М» ЖК, «С» ЖК арасындағы өзара есеп айырысулар туралы соңғы мәліметтері жоқ.
Тексеру кезінде «Ш» ЖШС ұсынған материалдық ресурстардың болуы туралы мәліметтер расталмаған (ет-сүт өнімдерін өндіру цехы, наубайхана, көкөніс қоймасы, қойма үй-жайлары және т.б.).
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының мәліметтеріне сәйкес, жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқығы ЖШС-ға тіркелген жоқ, дегенмен жылжымайтын мүліктің бар екенін растайтын құжаттар ұсынылды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Алматы облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің хатына сәйкес, «Ш» ЖШС статистикалық нысандарын тапсыру фактілері теріске шығарылды, бұл тиісінше жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру және мал өсіру және басқаларын растамайды.
Дұрыс емес ақпарат беру баллдарды есептеудің дұрыстығына әсер етті, соның нәтижесінде өнім беруші жеңімпаз деп танылды.
Сот шешімі Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 23 қарашадағы қаулысымен заңды күшіне енді.
Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты
[xfvalue_img]