Банк өкілдерімен дөңгелек үстел
Мұғалжар аудандық сотының ұйымдастыруымен онлайн форматында "Банктік заем бойынша дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға судья У.А.Айтжанова, «Халық Банк» АҚ филиал басшысы Қайырмағамбет Б.В., «КМF» микроқаржы филиалының менеджері Ж.Е.Дүйсенова қатысты.
Дөңгелек үстелде судья У.А.Айтжанова банктік заем бойынша дауларды реттеу туралы тәртібін түсіндірді. Талап қоюшыларға дауды шешудің сотқа дейінгі тәртібін қатаң сақтауды ұсынды және соттан тыс, қарызды өндіріп алу туралы атқарушылық жазбаны алу үшін нотариустарға жүгіну керектігі айтылды.
Шара соңында қатысушылар "ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы" Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылап, қойылған сұрақтарға жауап алып, өз-ара пікір алмасты.
[xfvalue_img]