Жалған өкілдердің сотқа қатысу фактілерінің алдын-алуы
ҚР Әділет министрлігімен заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылмайтын және уәкілетті органның тізілімінде тұрмайтын жалған өкілдердің сотқа қатысу фактілерін алдын алу мақсатында Мұғалжар аудандық сотымен онлайн форматында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы А.Т.Анарбаев, заң консультанттары А.Д.Казиева, К.Г.Калиева және Г.М.Иманбаева қатысты.
Шара барысында сот төрағасы А.Т.Анарбаев заң консультанты мәртебесін заңсыз иемденген, іс жүзінде заң консультанттары палаталарында есепте тұрмайтын адамдардың қатысуы, жалған, мерзімі өткен құжаттар бойынша өкіл ету жағдайларын болдырмау, сот қызметкерлерінің сот отырыстары барысында ұсынылған құжаттарды мұқият тексеру қажеттілігі атап өтілді.
Сонымен қатар, Әділет министрлігі заң консультанттары палаталарының тізілімін электрондық форматта жүргізілетіні, тізілімдегі-мәліметтер ашық болып табыланы және уәкілетті органның интернет-ресурсында өзекті жағдайда орналастыратынын көрсетті.
Осыған орай, заң консультанттары палаталарының мүшелері болып табылатын және уәкілетті органның тізілімінде енгізілген адамдар сотта өкіл бола алатының атап өтті.
Шара соңында қатысушылар жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша пікір алмасты.
[xfvalue_img]