Тәуелсіздік – қастерлі ұғым

Тәуелсіздік – қастерлі ұғым

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы бұрынғы мызғымас Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырап, құрамындағы 15 субъектінің дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алуға түрткі болды. Әлемдік деңгейдегі саяси аренада қазақ жастары өздерінің саяси құқығын алғаш рет жер жүзіне танытқан тарихи оқиғаға сеп болды.

Бұл мереке 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдауынан бастау алады. Міне, санаулы күндерден кейін Қазақ елінің тәңірі берген Тәуелсіздігіне, арайлы азаттығына отыз жыл толады. Бұл біздің ұлт пен халық үшін, сондай-ақ мемлекет үшін өте маңызды мемлекеттік мереке. 1991 жылғы 16 желтоқсан - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына егемен ел болғандығын жариялаған күні.

Тәуелсіздік - қастерлі ұғым. Тәуелсіздіктің арқасында халқымыз сан ғасырлық бұғаудан босап, азаттыққа, еркіндікке қол жеткізді. Тәуелді ел тирандардың езгісінде болып елдік мүдде, ұлттық сана жөнінде ойланбақ тұрмақ жан сақтаумен әуре болады. Тәуелді елдің ұлдарын құл, қыздарын күң етіп, біржола елді ел болудан қалдырып, қайта бас көтеруге жарамайтындай ету жаншушы елдің басты мақсаты. Жауыздар асқан қатыгездікпен қаншама асылдарды оққа ұштыратып, жәудір көз сәбилерді жаутаңдатып жетім етті. Бабадан мирас болып қалған құнды дүниелерді, мәдени-тарихи жәдігерлерді қиратып тағылық көрсетті. Айрандай ұйып отырған бірлігі бекем елге іріткі салып өзара жауластырды. Қаншама зұлмат заманды бастан кешкен бабаларымыз небір тепкі-теперішке шыдады. Кіндік кескен атамекенінен қуылып, итжеккенге айдалып туған елдің топырағын бір иіскеуге зар болып кете барды. Залымдар көзі қарақты, көкірегі ояу жүрегі елім деп соққан асылдарды туғандарымен араластырмай қуғындап, іздеріне түсіп, ел жауы атандырып ату жазасына кесті. Қастерлі де аяулы Тұлғалар халқының болашағы үшін, ұлтының төрт көзі түгел салиқалы келешегі үшін, іргесі берік мемлекеті үшін қар жастанып, мұз төсеніп жүріп небір нәубетті бастарынан өткерді.

Осының бәрі қайсар бабаларымыздың жігерін жасып, рухын  мұқалтпады. Тәуелсіздік жолында тынымсыз еңбек етіп, бастарын бәйгеге тігіп, кеудесін оққа тосты. Ел тағдыры, ұлт мүддесі, ұрпақ болашағы жолында бабалар қол қусырып қарап қалмады. Сөйтіп жүріп текті бабаларымыз азаттықтың ақ туын желбіретіп, тәуелсіз ел атандырды. Тәуелсіздік елдің жаһұтындай болған ұлттық сананың оянып, елдік мүдденің қайта түлеуіне түрткі болды.

Азаттықтың ақ таңы атқалы жоғалтқанымыз түгенделіп, барымыз бүтінделген жайы бар.Тәуелсіздікті алғаннан соң оны баянды ету үлкен жауапкершілік, зор мәртебе. Ұлы бабаларымыздың ұлағатты өмірінен, тағылымға мол тарихымыздан ғибрат алып, арыстардың салған сара жолымен жүрер болсақ жаңылмасымыз хақ. Ендігі жерде тәуелсіздік деген құнды дүниені уысымыздан шығарып алмай, бағалай білсек жарар еді. Бұрынғы өткен заманнан қанша адам аңсап өткен азат күнде өмір сүріп жатқан біздер қандай бақытты жандармыз.

Тәуелсіздік жылдары ішінде біз көптеген қиындықтарды, экономикалық дағдарыстарды, халықаралық және өңірлік сын-қатерлерді лайықты еңсердік.

Ғасырға бергісіз осы 30 жылдың ішінде дүниенің бір бұрышында «қазақ» деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем мойындады. Тәуелсіздіктің арқасында көк байрағымыз көгімізде желбіреп, егемен елдің рәміздері белгіленді.

Тіліміз бен дініміз қайта оралып, елдігіміз танылды. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, қазақты әлемге рухы биік, намысы берік халық ретінде танытқан да Тәуелсіздік.

Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы біршама дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде.

Тәуелсіздікке қол жеткізіп, жаңаша даму жолына түскен жылдар ішінде барлық сала ілгерілеп, толысты.

Мұндай жетістіктерді қазақстандық сот құрылымынан да байқауға болады. Егемендіктен бері судьялардың 8 съезі өтті. Елбасымыз Судьялардың V cьезінде сөйлеген сөзінде, сот қызметін таразылай келе: «Қазақстанда сот билігі үшін көп іс атқарылды.

Халық судьялар корпусынан соттың заң мен әділдіктің әрқашан сенімді тірегі болатындай жұмыс істеуін талап етуге құқылы» дей келе, «Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы» екенін айтқан Елбасы, сот жүйесінің де еркін жұмыс істеп, әділетті сот төрелігін жүзеге асыру үшін толыққанды жағдай жасап, өркениетті елдердің озық тәжірибесін меңгеруде барлық құқықтық-заңнамалық негізбен қолдау көрсетіп отырғаны анық.

Тәуелсіздік таңымен бірге туындап, елмен бірге жасасып, бірге қалыптасып, бірге түлеген сот жүйесі бүгінде материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген, рухани жақтан жан-жақты қолдау тапқан орнықты құрылымға айналып, құқықтық мемлекетке лайықты өз мәртебесіне сай жұмыс жасауда.», - деп атап көрсетті.

Бұл шаралардың қоғам, мемлекет үшін маңызы өте зор. Бүгінде сот жүйесі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ұйымдар мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің сотта тиімді қорғалуын қамтамасыз етудің қажеттіліктеріне сай келеді.

Соттарда Ұлт Жоспарының барлық қадамы табысты іске асырылды, «электронды сот төрелігі» дамуда, судьяларды іріктеу мен мансаптық ілгерілету жүйесі түбегейлі қайта қаралды.

Жаңа технологияларды қолданудың көмегімен сот қызметі ашық, жедел, қолжетімді бола түсті.

Республика соттарының сот мәжілісі залдары түгелдей аудио және бейне жазба құрылғыларымен жабдықталып, сот отырыстары 100 пайыз дыбыс-бейне жазба құрылғыларын қолдану арқылы өткізілуге көшті.

Жаңа технология азаматтардың сотқа келуін міндеттемей, арыз-шағымын «Сот кабинеті» арқылы үйінен, кеңсесінен шықпай-ақ жолдауына жол ашты.

Ата заңымызда мемлекет өміріне қатысты барлық маңызды бағыттармен қатар сот жүйесінің базалық қағидаттары да көрсетілген. Бұл қағидаттардың басым көпшілігі күнделікті жұмысқа, сот жүйесінің құқық қорғау сипаты: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот төрелігі арқылы қамтамасыз ету, олардың әрқайсысын соттың қорғайтынына кепілдік беру, айыпталушының кінәсіздік презумпциясы, жәбірленушіні қылмыстан, билікті асыра пайдалану принциптерінен қорғау және басқа да бірқатар қағидаттармен байланысты болады. Бүгінгі Қазақстанның сот жүйесі әлемнің ең озық мемлекеттерінің халықаралық деңгейде танылған стандарттарына сәйкес келеді.

Сот жұмысының сапасы, оның әділдігі мен ашықтығы – кез-келген мемлекеттің демократиялық дамуының басты факторы.

Сондықтан сот жүйесін модернизациялау мен заманауи тетіктерді пайдалану оның барлық деңгейінде өзекті болып қала береді. 

Басты мақсат ретінде сот жүйесінің құқықтық-ұйымдастырушылық негізін құру, судьялардың корпусын және қаржылық қолдауды жетілдіру қойылды. Осының барлығы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретінде соттардың демократиялық қоғамдағы өзекті рөлінің сол кездің өзінде танылуын сипаттайды.

Сол жылдардан бастап жеке сот билігін құруға бағытталған көптеген маңызды өзгерістер орын алды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң реформалар жүргізу кезінде сот билігінің мәртебесі мен өзекті рөлі мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесінде заңды түрде танылып, құқықты мемлекет талаптарына сәйкес келетін сот жүйесін құруға бағыт алынды.

Біздің мемлекетте сот жүйесін құру кешенді сипаттағы ұйымдастырушы және құқықты шаралармен жүргізілді.

Әлем елдері алдында асқақ абырой мен биік беделге ие болған мемлекетіміздің әлі де атқарар жұмысы алда. Еркіндіктің бастауы болған бұл мәртебелі күн ғасырлардан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін демекпін. Тәуелсіздігіміздің нышаны болған Ата заңымыз құқықтық мемлекет ретінде орнығуымыздың кепілі болды. Саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық тұрғыда еліміз дамып келеді.

Қорыта келе қоғамда әділеттіліктің үстем болып, теңдіктің орнығуына соттардың сіңіріп жатқан еңбегі орасан зор.

Тәуелсіздік тұғырым! Тәуелсіздік елдігіміздің, берекелі бірлігіміздің тұғыры.

Нұржан Мелдебаев 

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының

№2 аудандық сотының судьясы                                         

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив