«Соттағы өкілдіктің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел
Жаңақала аудандық сотында ағымдағы жылдың 29 қараша күні судья С.Есжановтың төрағалығымен заң кеңесшілері, құқық қорғау органдары өкілдері, мемлекеттік орган заңгерлерінің қатысуымен онлайн форматта «Соттағы өкілдіктің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.
Шара барысында сот төрағасы сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен белгіленгенін және тиісті өкілеттігі жоқ тұлғалардың сот процестеріне заңсыз қатысуын болдырмау мәселесін атап өтті. Сонымен қатар заң консультанты мәртебесін заңсыз иемденген, іс жүзінде заң консультанттары палаталарында есепте тұрмайтын адамдардың қатысуы, жалған, мерзімі өткен құжаттар бойынша өкіл ету жағдайларын болдырмау, сот қызметкерлерінің сот отырыстары барысында ұсынылған құжаттарды мұқият тексеру мәселелері де сөз болды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Тегтер // Жаңақала аудандық сотының баспасөз қызметі
Төраға
С.Р.Есжанов
[xfvalue_img]