Соттың хабарлаулары мен шақырулары
Сот істерін қарауға дейін рәсімдеу және сотқа қатысушылардың келуін қамтамасыз ету тәртібі мен ережелері: хабарлаулар мен шақырулар хабарланатын немесе шақырылатын адамның сотқа уақтылы келуіне және іске дайындалуына жеткілікті мерзімі болатындай есеппен істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарылған күннен не сот талқылауы тағайындалған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс. Сонымен қатар тарапқа: - іске қатысатын тарап көрсеткен электрондық пошта мекенжайына;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының электрондық сервистерінде көрсетілген электорондық пошта мекенжайына;
- жеткізілгенін растайтын есепті алған кезде жеке өзі сотқа ұсынған ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша;
- егер мұндай хабарламаның келіп түспегені не кешірек түскені дәлелденбесе, хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін байланыстың өзге де құралдары пайдаланыла отырып;
- гибридті жөнелту арқылы не табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен белгілі болған соңғы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша жіберілген хабарлама тараптың тиісінше хабарландырылуы болып табылады, электрондық байланыс құралдары арқылы жіберілген бірінші хабарлама бойынша тарап келмеген жағдайда, қайта хабарлау соттың хабарлауының немесе шақыруының тіркелуін қамтамасыз ететін байланыстың және жеткізудің өзге де құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
Мұғалжар аудандық
сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Г.К.Суюнова
[xfvalue_img]