Сотта дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді
Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты талапкер К-ның жеке сот орындаушысына 2021 жылғы 20 тамыздағы берешекті анықтау туралы қаулыны заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша әкімшілік іс қаралды.
Сот, Қарабалық аудандық сотының 2021 жылғы 25 ақпандағы сот бұйрығымен бұрынғы зайыбы К. пайдасына 2021 жылдың 24 ақпанынан бастап жалақысының және (немесе) өзге де кірісінің 4/1 бөлігі мөлшерінде кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алимент өндіріп алынғаны анықтады.
Атқарушылық іс-жүргізу шеңберінде жеке сот орындаушысы 20 тамызда 309 092 теңге сомасына берешекті айқындау туралы қаулысы шығарған, бірақ талапкер К. жоғарыда аталған қаулысымен келіспей сотқа талап арызбен жүгінді.
Сот медиациясы рәсімін жүргізу барысында, талап қоюшы берешекті айқындау туралы қаулыға дау айтудан бас тартып, 100 000 теңге сомасына берешекті өтей отыра, тараптар келісімге келді.
Соттың 2021 жылғы 18 қазанындағы сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.
Сванбеков Н.К.
Қостанай облысының МАӘС судьясы
[xfvalue_img]