Жаңа саяси бағытты дұрыс ұстану

Жаңа саяси бағытты дұрыс ұстану

Әлемдік тәжірибеде кез келген Мемлекет басшысы лауазымдық қызметіне кіріскеннен кейін, мемлекетті басқару, дамыту стратегиясын айқындап халыққа жолдау арнау дәстүрге айналған.

Бұған дейін, тұңғыш Президент Н.Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы уақытта атқарылатын ауқымды істерін бағдарлап, олардың шешу тетіктерін анықтап берген.

Нәтижесінде әлемдік қауымдастық Қазақстан Республикасының даму жолын «Назарбаев моделін» мойындап отыр.

Расында рухы биік, сенімі мықты адам ғана болашаққа байыппен қарайды. Болашақ бос болмас үшін үлкен жоспар, нақты қадам керек, жүзеге асыратын нақты маман керек.

Ал, 2019 жылғы 02 қыркүйекте Президент ретінде халыққа алғашқы Жолдауын жариялаған Қ.Тоқаевтың Қазақстан халына арналған алғашқы Жолдауы болғандықтан, қоғам өмірінің негізі болып табылатын экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени-рухани салаларындағы өзекті мәселелерді толығымен қамтып отыр.

Мемлекет басшысы Қазақстан болашағы үшін жасалатын шаруалардың қыруар екендігін, тіпті, мемлекет дамуына басқаша көзқараспен қарап, оны жаңа деңгейге көтеру үшін өзінің ештеңеден тайынбайтындығын айтты.

Сол бағытта нақты қадамдар ұсынды, атқарылу жолдарын меңзеді, оның мақсаттарын айқындап берді.  

Бұл қадамдар ‑ елінің қамын ойлайтын азаматты елең еткізбей қоймайтын, ереулі атқа ер салғызып, ұлт болашағы үшін Ұлы жолда бірге болып, қызығы мен шыжығына атсалысуға шақыратын өте ауқымды дүние екені даусыз.

Атап айтатын болсақ, Жолдауда жер, тіл мәселесі, мемлекеттік сатып алу, Ұлттық қор қаражаты, мұғалімдердің жалақысы, жатақхана мәселесі, тұрғын үй, жергілікті әкімдердің қызметі тәрізді халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелерді көтерді.

Бүгінде елімізде сот саласын жетілдіруге байланысты көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқаны белгілі.

Осы орайда да, Президент алғашқы Жолдауында да, қылмыстарға қатысты жазалау шаралары туралы мәлімдеді. Яғни, жедел түрде сексуальды зорлық, педофильдер мен есірткі таратушылар, адам саудасы, әйелдерге тұрмыстық зорлық көрсету, жеке тұлғаға қатысты қылмыстар, оның ішінде балаға қатысты қылмыс жасаушыларға жазаны күшейту керектігін айтып өтті.

Ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату, азаматтық, қоғамды қолдау, саяси трансформацияны жалғастыру, ішкі істер органдарын реформалау секілді осы және басқада өзекті мәселелер көтерілді.

Мемлекет басшысының алғашқы жолдауында заманауи тиімді мемлекет құруға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, сондай-ақ аймақтар мәселесі туралы да атап өтті.

Сол тапсырмасын қайталап, әсіресе балаларға қарсы қылмыс үшін жазаны қатаңдатуды баса айтты.

Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән берілген.

Ол үшін азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды күшейтудің шешуші факторы сот және құқық қорғау жүйесін терең реформалау керек екендігін айтылды.

Қазіргі уақытта азаматтар арасында саяси белсенділік өте жоғары.

Қоғам қатты өзгерді, құқық сауаттылығы жоғарлады.

Жолдауда еліміздің тыныс-тіршілігінің барлық салалары бойынша бүгінгі күннің өткір мәселелеріне терең талдау жасалды.

Халықтың әл аухатын жақсарту, денсаулығын сақтау бойынша жұмысты жалғастырудың қажеттілігіне баса назар аударылды.

Соның заңды жалғасы ретінде Жолдауда үкімет алдында тұрған ортақ міндет ретінде азаматтардың барлық сұраныстарына жауап беретін мемлекет қалыптастыру, кез келген шиеленісті тек бейбіт жолмен, диалог арқылы үйлесімді шеше алатындай мемлекет құру қажет екендігін алға тартты.

Бұл үшін мемлекеттік деңгейдегі негізгі міндеттің бірі - азаматтық қоғамды нығайту және қолдау болып табылады.

Сонымен қатар, қазіргі жаhандану дәуірінде адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптардың жаңа деңгейге көтерілуіне байланысты сапалы білім алу - қарқынды дамудың басты шартына айналатындығын баса көрсетті.

Бұл Жолдау еліміздің қоғамдық-саяси әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңінің басталғандығының айқын көрінісі.

Жолдауда көрсетілгендей, заманауи тиімді мемлекет құру үшін барлығымыздың азаматтық жауапкершілігімізді арттырып, ел игілігі үшін бірлесе еңбек етуіміз керек.

Жоғарыда айтып өткендей, мұның бәрін Президент бізге және осы саладағы мамандарға арнайы жолдады.

Қазақта жақсы сөз бар: «Торғай сойсада, қасапшы өзі сойсын деген», - бізде өз саламызға қатысты Жолдауда айтылған талаптар мен міндеттерді толық орындасақ еліміздің ертеңі бүгіннен де жарқын болары сөзсіз.

Сондықтан да, жаңа саяси бағытты дұрыс ұстанып біз жоспарлау көкжиегін кеңейтіп Ата заңнын аясында заңды тұрғыда серпіліс жасауымыз керек.

Әр ел, әр мемлекет әрқашан тәртіпке негізделіп қалыптасады.

Сондықтан да, жас өркенге ата-ананың тәлім-тәрбиесінен бастап, еліміздің Ата заңына бағынғаны артықтық етпес еді.

Нұр-Сұлтан қаласының  қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы        Салауат Мәлік

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.