Аудармашы қызметін тегін пайдалану
Қазіргі қоғамда аудармашылық қызметтің қолданылу шеңбері күн сайын кеңейіп, үлкен әлеуметтік сұранысқа ие болып отыр. Көптеген мемлекеттерде арнайы оқу орындары ашылып, кәсіби аудармашы мамандарды даярлай бастады. Бұған дейін аударма жұмысымен басқа да мамандық иелері айналыса бастаған. Аудармашылық жұмыс қоғамдық ортаның көпшілігін қызықтырды. Осының нәтижесінде көптеген зерттеулер жүргізілді де, жаңа ғылыми пән пайда болды. Ол қазіргі заман талабына сай-аудармашылық мамандық.
Аударма –бұл өте күрделі және көп салалы адами іс - әрекеттің бір түрі. Күнделікті ауызекі тілде аударма ісі туралы «бір тілден екінші тілге аудару делінеді», бірақ шындығында аударма ісімен айналысқанда тек бір тілді екінші тілге аудару ғана көзделмейді. Аударма ісінде әр түрлі деңгейдегі мәдени ағымдармен, әртүрлі дәрежедегі ой толғау, әртүрлі әдебиеттер, әртүрлі дәуір тынысы, әртүрлі салт-дәстүр, ұстанымдармен танысып жұмыс істеуге мәжбүр боласың.
Заңды аударма құқық саласына қатысты нақты мәтіндерді аударуға бағытталған. Бұл аударма елдің әлеуметтік-саяси және мәдени ерекшеліктеріне байланысты кәсіби ақпарат алмасу үшін қолданылады. Осыған байланысты заңды аударма тілі өте дәл, түсінікті және сенімді болуы керек. Заңды аударманы бірнеше түрге бөлуге болады:
заңдар, ережелер және олардың жобаларын аудару; келісімдердің (келісім шарттардың) аудармасы; құқықтық пікірлер мен меморандумдарды аудару;
нотариалдық куәліктер мен апостильдердің аудармасы (қолдарды, мөрдің немесе мөрдің түпнұсқалығын куәландыратын арнайы белгі);
заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының аудармасы; сенімхаттар аудармасы.
Көркем аудармашы - көркем мәтіндерді аудару бойынша маман. Ол шет тілін жан-жақты білумен қатар, әдебиетті жетік білуі, сөзді жоғары деңгейде меңгеруі, аударылған шығарма авторының стилі мен буынын жеткізе білуі керек.
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының №2 аудандық
сотының кеңсе бас маманы Н.Бирманова
[xfvalue_img]
10 пікір