Сотта «Еңбек даулары. Сот тәжірибесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті
Орал қаласының №2 сотының төрағасы Азамат Борамбаевпен татуластырушы-судьялардың, облыстық кәсіподақ орталығының, татуластыру орталағының, «Пруденцано» татуластыру орталықтарының төрағаларының және еңбек инспекциясының инспекторларының қатысуымен еңбек даулары жөнінде онлайн «дөңгелек үстел» өтті.
Өз сөзінде сот төрағасы еңбек дауы бұл – жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек заңнамасын дұрыс қолдану сұрақтары бойынша, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы реттелмеген еңбек шартында көрсетілген еңбек жағдайларын орындауға байланысты келіспеушіліктер екендігін көрсетті. Еңбек заңнамасымен жеке дауды кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен келісу комиссиялары арқылы қарастыру және шешу қарастырылған, яғни еңбек дауын (қақтығыс) соттан тыс немесе сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге мүмкіндік береді, себебі келіспеушіліктерді еңбек ұжымдарының келісу комиссияларымен қарастыру болып табылады. Келісу комиссиясы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы туындайтын сотқа дейінгі жеке еңбек дауларын реттейтін міндетті орган. Еңбек қақтығыстары арасындағы басты түйін болып кәсіподақ табылады. Қәсіподақтардың басты міндеті болып жұмысшылардың құқықтары мен мүнделерін қорғау. Кәсіподақ ұйымдары еңбек қақтығыстарының болмауына барынша назар аударуы қажет. Сондықтан, келісу комиссиясы дауды дұрыс шешу, бейбіт түрде реттеу, қақтығысты шешудің жолын табу үшін, кәсіподақтармен жұмысшы мен жұмыс беруші арасында кәсіпорын деңгейінде диалог жүргізілуі керек, сонымен қатар дауды шешуге кәсіби медиаторлар тартылуы тиіс.
Баяндама оқыған татуластырушы-судья Салтанат Құрманбаева қатысушыларды еңбек заңнамасымен таныстыра отырып, еңбек дауларын шешудің амалдарын, осы бағыттағы талап арыздарды қараудағы сот тәжірибесіндегі қолданысын түсіндірді.
Осы кездесуге қатысқан Татуластыру орталағының басшысы Алуа Ракишева, ҚР «Медиация туралы» заңының қолданысын талқылай келе, тұрғындардың еңбек даулары бойынша медиаторларға жүгінуі басым екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, судьялар тарапынан еңбек дауларының көпшілігі мекеме әкімшілігімен бұйрық шығарылмастан бұрын немесе сотқа келгенге дейін шешілуі мүмкін екендігі туралы пікір білдірілді.
«Дөңгелек үстел» соңында оған қатысушылар аталған тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]
19 пікір