Еңбек дауларының алдын алу шаралары жалғасуда
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотымен медиация институтын дәріптеу, даудың соттан тыс шешілуінің ауқымын кеңейту мақсатындағы іс-шаралар жүргізілуде.Еңбек заңнамасын сақтауға бағытталған түсіндіру іс-шарасы Оқушылар сарайының қызметкерлерімен өтті. Іс шараға Орал қаласының №2 сотының судьясы Алтынбек Құспанов қатысып, ҚР Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып отырған «Татуластыру: сотқа дейін, сотта», сонымен қатар еңбек ұжымдарындағы қақтығыстарды қысқартуға бағытталған «Еңбек дауларының алдын алу» пилоттық жобалары туралы әңгімеледі. Судья пилоттық жобаның мақсаты жеке даудың қаралуы және шешілуі соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіпте кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен келісу комиссиясы тарапынан жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ судья статистикалық мәліметтер келтірді. Сотпен үстіміздегі жылдың 9 айында еңбек даулары бойынша 111 іс қаралып, 18-і кері қайтарылды, қараусыз 19 іс қалдырылып, татуластыру шараларын қолдану арқылы 21 іс және 33 іс бойынша оң шешім шығарылды.Кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек дауларын шешуде тараптар арасында өзара байланыс орнатудың маңызды екендігі жөнінде ортақ тоқтамға келді.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]