Алқабиге кандидаттарды іріктеу тәртібі
Төрағалық етуші іріктеу рәсімі басталғанға дейін алқабиге кандидаттарғапроцесс тараптарын, қандай қылмыстық істің қаралатындығын хабарлап, алқабилердің қылмыстық істерді қарауға қатысуының тәртібі мен міндеттерін түсіндіреді.
Төрағалық етуші судья алқаби міндеттерін атқарудан босатады:
- Қылмыстың жасалуына сезіктілерді немесе айыпталушыларды;
- Сот өндірісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарды (сотта ілеспе аудармамен қамтамасыз етілмеген кезде);
- Мылқау, саңырау, соқыр және басқа да мүгедектерді (олардың сот отырысына толыққанды қатысуына ұйымдастырушылық немес техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде);
Ауызша немесе жазбаша өтініші бойынша төрағалық етуші алқаби міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін:
- 65 жастан асқан адамдарды;
- Үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді;
- Өздерінің діни нанымдары бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу, өзі үшін мүмкін емес деп есептейтін тұлғаларды;
- Қызметтік міндеттерін атқарудан алаңдату, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге едәір зиян келтіруі мүмкін тұлғаларды (дәрігер, мұғалім, әуежолдарының пилоттары және т.б.)
- Сот отырысына қатыспауға дәлелді себептері бар өзге де адамдарды.
Төрағалық етуші прокурордың, жәбірленушінің, айыпталушының және оның қорғаушысының жазбаша нысанда ұсынған сұрақтарын, сондай-ақ алқабилер алқасын құру үшін маңызы бар басқа да сұрақтарды кандидаттарға өз қалауы бойынша қоя салады. Сіз төрағалық етушінің сұрақтарына шынайы жауап беруге, сондай-ақ оның талап етуі бойынша өзіңіз туралы және іске қатысатын басқа да адамдармен қарым-қатынасыңыз туралы қажетті ақпараттарды ұсынуға міндеттісіз.
Төрағалық етуші нақты іс бойынша заңсыз ықпал ету салдарынан істің мән-жайын процессуалдық емес қайнар көздер арқылы біліп, ол туралы әр түрлі қалыптасқан пікір бар, объективтілігі негізді күдік тудыратын тұлғаны және де алқаби кандидатының алқаби ретінде істі қарауға қатысуы кезінде, оның объективті болмауының мүмкін екендігін көрсететін басқа да себептерге байланысты алқаби міндетін атқарудан босата алады.
Дәлелді қарсылықтардың негізінде алқабилердің кез келген саны тізімнен шығарылып тасталуы мүмкін. Демек, бұл жағдай кандидаттың осы қылмыстық процесте алқаби міндеттерін атқаруына кедергі болатын құқықтық негіздің бар екендігін білдіреді. Соныменн қатар, тараптардың әрқайсысы кандидаттарға ешбір дәлелсіз қарсылық білдіруге құқылы, яғни олар кандидаттарды алқабилердің алдын ала тізімінен негіздерін көрсетпестен шығарып тастай алады.
Істі сотта қарайтын алқабилер алқасы, жеребе тастау арқылы негізгі құрамдағы тоғыз алқабиден (алқабилер арқасының құрамын құрайтын) және қосалқы екі алқабиден құрылады. Қосалқы алқабилер сотта істі қарауға қатысады және егер де негізгі алқаби белгілі бір себептермен сот отырысына қатыса алмаса, онда оны қосалқы алқабидің кез келгені алмастыра алады.
Алқабилер алқасы құрылғаннан кейін төрағалық етуші алқабилерге келесі мазмұндағы антты қабылдау жөнінде ұсыныс жасайды:
«Алқабидің міндеттерін атқаруға кірісе отырып, өз міндеттерімді адал және мінсіз ат қаруға, сотта қаралған барлық дәлелдемелерді, дәлелдерді, істің мән-жайын назарыма алуға, ерікті азамат және әділ адам ретінде істі өзімнің ішкі нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемін.»
Сіз «Мен ант етемін» сөздерін айту арқылы антты қабылдағандығыңызды растайсыз және өз міндеттеріңізді атқаруға кіріссіз.
Төрағалық етуші судья Сізге Сіздің істі қарауға қатысты әрекеттердегі құқықтарыңызды, міндеттеріңіз бен шектеулеріңізді түсіндіреді, сондай-ақ міндеттерді бұзу мен шектеулерді сақтамаудың салдары туралы ескертеді. Сіз қылмыстық процесс қатысушыларын мұқият тыңдап, ұсынылған дәлелдемелерге көңіл бөлуге және істің нақты мән-жайына негізделген үкім шығаруға тиістісіз.
Қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
әскери сотының бас маманы М.Аккузова
[xfvalue_img]
28 пікір