Судья Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәріс оқыды
Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жанаргүл Алпысбаева Нұр-Сұлтан қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына дәріс оқыды.
Жанаргүл Қабылдақызы Ювеналды соттың қызметі, «Отбасылық сот» жобасы және онлайн сот өндірісі жайлы айтып берді.
Тыңдаушылар сондай-ақ, «Бала құқықтарын қорғау туралы» Заңның нормаларымен, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылық бойынша талдаумен танысты.
Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]
17 пікір