Тұиынушы құқығын қорғау маңызды

Тұиынушы құқығын қорғау маңызды

Қазіргі таңда Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау өзекті мәселе болып отыр.

Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері барынша қамтылған негізгі нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңын, ал ол құқықтарды қорғаудың сот арқылы жүзеге асыруын реттейтін нормативтік құқықтық актіге Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексін жатқызуға болады.  

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 10-бабының 6-тармағына (кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау) сәйкес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау осы Кодексте немесе өзге де заң құжаттарында көзделген құралдармен қамтамасыз етiледi.

Әрбiр тұтынушының, тауарды сатып алу, жұмыс пен қызметтi пайдалану үшiн еркiн шарт жасасуға; тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) тиiсiнше сапалы және қауiпсiз болуына; тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнiнде толық және анық мәлiмет алуға; тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бiрiгуге құқығы бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (Ерекше бөлім) 406-444-баптарында (сатып алу-сату туралы жалпы ережелер), 445-457-баптарында (бөлшектеп сатып алу-сату) сатып алушы – тұтынушы мен сатушының құқықтары мен міндеттері қамтылған.

         Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 454-бабына (сапасы лайықты тауарды алмастыру) сәйкес, Сатып алушы азық-түлікке жатпайтын тауар өзіне берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаған болса, сатып алынған тауарды сату орнында немесе сатушы хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, мөлшері, нысаны, ауқымы, пішіні, түсі, жинақтылығы және т.б. бойынша соған ұқсас тауармен алмастырып алуға құқылы.

Сатушыда алмастыруға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға қайтарып беруге және оған төленген ақша сомасын алуға құқылы.

Орал қаласының №2 сотында қаралған бір мысалға тоқталсақ, қала тұрғыны тауарды ауыстыру, моралдық зиянды өтеу және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінеді. Талап қоюшы өз арызында 23.11.2019 жылы "М" сауда орталығынан құны 61 594 теңге болатын, кепілдік мерзімі 12 аймен «Gorenje» ас үй техникасын сатып алғанын, алайда алынған тауарды пайдалануға мүмкіндігі жоқ екенін, өйткені конфорканың электр тоғы арқылы тұтануы жұмысын тоқтатқан, бұдан басқа, конфорка тамақ дайындау кезінде өз бетінше сөне берген.

Кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін талапкер көрсетілген сауда орталығына жүгініп, онда ол сатып алынған тауардың ақауы туралы жазбаша өтініш жазады.

Дүкен қызметкерлері оны қызмет көрсету орталығына жібереді, онда екі ай күткеннен кейін олар техникалық құралдың бөлшектерін ауыстырады. Алайда, сол күні кеште техника қайтадан сөніп, әр қосқан сайын өше береді. Сатып алушының қоңырауларына соңғысы жауап беруді тоқтатып, содан кейін ол "М" ЖШС-не жазбаша шағыммен жүгінуге мәжбүр болады, ал олардың тарапынан кепілдік мерзімінің аяқталуына байланысты тауарды ауыстырудан бас тартылады.

Сот талапкердің талаптарын ішінара қанағаттандырды. Жауапкерді моделдің ұқсас маркасына ауыстыруды міндеттеді. Сондай-ақ, 30 000 теңге моралдық зиян өтемақысын, 38 188 теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбын, 70 000 теңге өкілдің қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығындарды, барлығы 138 188 (бір жүз отыз сегіз мың бір жүз сексен сегіз) теңге өндіріп алды. Сонымен қатар, 3 297 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж сомасын өндірді. 30 000 теңге көлемінде моралдық зиянды өтеу бөлігінен бас тартылды.

Заңды күшіне енген бұл шешім, тек бір мысал ғана.

Атап өтетін жайт, тұтынушының тұтынушылық дауды шешуде сотқа жүгіну ең соңғы органы болып табылады және Азаматтық процестік Кодексте көзделген тәртіпте қаралады.

Светлана Муканбетова

Орал қаласының №2 сотының бас маманы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.