АДАМ САУДАСЫ

АДАМ САУДАСЫ

Адам саудасы – бұл ауыр қылмыс және адам құқығын өрескел бұзу болып табылады.

Адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар деп Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 116-бабында, 125-бабдының үшінші бөлігінің 2 тармағында, 126-бабының үшінші бөлігінің 2 тармағында, 128, 134, 135, 308, 309-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар танылады.

Адамды сатып алу-сату деп бір тарап (сатушы) басқа тарапқа (сатып алушыға) адамды белгілі бір сыйақы үшін беретін құқыққа қайшы ақылы мәміле.

 ҚК-нің 128-бабы бойынша не ҚК-нің 135-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соқтыратын өзге мәмілелерге адамды сыйға тартуды (адамды басқа бір адамға тегін беру), айырбастауды (адамды әлденеге айырбастау), алмастыруды (бір адамды басқа бір адаммен ауыстыру), жалға беруді (адамды ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға беру), адамды тараптар арасында жасалған мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің кепілі ретінде қалдыруды, адамды төлем ретінде пайдалануды, адамды қандай да бір мүліктік емес сипатта пайда табу мақсатында беруді және басқаларды жатады.

Адамды азғырып-көндіру деп жәбірленушіні қандай да бір жұмыстарды немесе қандай да бір қызметті, соның ішінде, егер оны пайдалану мақсатымен байланысты болса құқыққа қайшы қызметті атқаруға келісуіне қол жеткізу түсініледі. Азғырып-көндіру тәсілдері әртүрлі: сыйақы жөнінде уәде беру, жұмыс ұсыну, алдау, азғыру, бопсалау, қорқыту, қоқан-лоқы көрсету және басқалар болуы мүмкін.

Адамды тасу адамды пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге, соның ішінде бір елді мекеннің ішінде оның орнын ауыстыруға байланысты қасақана жасалатын іс-әрекетті білдіреді. Бұл ретте көлік түрі, адамды тасымалдау уақыты мен тәсілдері әрекетті саралау үшін маңызды емес. Адамды тасу апарылатын адамды тек оған біреудің ілесуімен жеткізуді ғана емес, сондай-ақ апарылатын жәбірленушіге баратын жеріне дейін жол жүру құжаттарын сатып әперуді, жәбірленушінің ол жерге өз бетімен жетуін білдіреді.

Жәбірленушіні беру деп оны пайдаланатын адамға тікелей беруді түсінген жөн.

Адамды кейін пайдалану мақсатымен жасыру деп жәбірленушіні құқық қорғау органдарынан, туыстары мен басқа адамдардан жасыру (мысалы, арнайы үй-жайларға жасыру, қандай аумаққа болса да шығуына мүмкіндік бермеу, жәбірленушінің жеке өзіне немесе психикалық белсенділігінің төмендеуіне дәрі-дәрмек арқылы ықпал ету). Жасыру жәбірленушінің өзін жасырумен қатар оны табуды қиындататын өзге де іс-әрекеттерден (құжаттарын, сыртқы бейнесін өзгерту және тағы басқалар) байқалады.

ҚК-нің 128-баблында көзделген пайдаланудың түрлі нысаны бар (сексуалдық пайдалану, мәжбүрлі еңбек, қайыршылықпен айналысу және т.б.). ҚК еңбегін пайдалану немесе қайыршылықпен айналысу сияқты адамды пайдалану нысандарын жеке арнайы нормаға бөлмейді. Сондықтан жәбірленушіні жезөкшелікпен айналысуға тарту және алынған табыстарды иемденіп алу, сонымен қатар пайдаланудың басқа да нысандары (мәжбүрлі еңбек және т.б.) арқылы одан әрі пайдалану үшін жәбірленушіге қатысты сатып алу-сату не өзге де мәмілелерді жасасу жағдайларында мұндай әрекеттер кінәлі адамның бір мақсатқа – жәбірленушіні пайдалануға қол жеткізу үшін ортақ ниетпен біріккен іс-әрекеттерді жасағанын куәландырады.

Жыл сайын мыңдаған ерлер, әйелдер мен балалар үйде де, шетелде де адам саудагерлерінің қолына түседі.

Бұл біз бірге өмір сүретін жасырын қылмыс. Көшеде ақша сұрайтын балалар мен ересектер күн сайын жүздеген адамдармен кездессе де, сауданың құрбаны болуы мүмкін, бірақ көмек алу үшін оларға жүгіне алмайды. Адамды еркінен тыс құл­дыққа жегу, жезөкшелікке салу, «тірі тауар» ретінде және бөлек ағзасын сату ең да­мыған елдердің өзінде әлі күнге дейін жойылмай ке­леді. Өкінішке қарай, Қазақ­стан да адамды мал құрлы көрмейтін тірі тауар дәлізіне айналып отыр. «Адам саудасына қатысты заңсыз әрекеттердің бәрі ұйым­дасқан қылмыстық топтарға ба­рып тіреледі. Қылмыстық топтар адамдарды сексуалдық мақсатта немесе күштеп жұмысқа салу үшін пайдаланады. 

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздегі Қыл­мыстық заңнамаға енгізілген түзе­тулер заңды күшіне енді. Атап айтқанда, 2014 жылғы 3 шiлдедегі ҚК-нің 128-бабы 1-тармағында «Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау – мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза­ланады» деп жазылған. Бұрын жаза 3 жыл болатын. Ал адам саудасына қатысты топтық түрде жасалған қыл­мыс болған жағдайда қылмыс­кердің мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ «Кәмелеттік жасқа толмаған бала­ларды сату» деп аталатын 135-бап бұрынғыдан да қатаң жаза қолда­нуды қарастырады. Егер біреуге сатқан немесе сатып алған бала қайтыс болса, оның өліміне кінәлі адам 18 жылға бас бостандығынан айрылады. 

Әлемнің барлық елдері адам саудасынан зардап шегеді және адам саудасының құрбаны болуы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Ж.А.Кунаева 

Мұғалжар ауданының

№2аудандық сотының судьясы,                              

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.